Әнші Жазира Байырбекова отандық шоу-бизнестегі танымал жұп Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева жайлы құпияны жайып салды. Ол өнер жұлдыздарының өмірлік сырын айтқан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Өнерде де, өмірде де жұптары жазылмаған қос әнші жайлы өзі де күйеуімен ән салатын Жазира Байырбекова әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Видеода Тоқтар мен Бейбітті олардың әуежайда кездестіріп қалғанын көруге болады. Тіпті бұрыннан бері жақсы араласамыз деген әнші достық қарым-қатынасына тоқталған.
Бір кездері "осы екеуі үйлене ме, үйленбей ме, жүре ме, жүрмей ме?" деп талайымыз шулап жүрген едік. Сол кезден бергі достарымыз. Сөйтсек, сол кезден бері әлі жүр ғой екеуі, — дейді әнші.