«Жасай бер, орыс тілім!»: Ақын Балтабек Нұрғалиевтің өлеңі шу туғызды

«Жасай бер, орыс тілім!»: Ақын Балтабек Нұрғалиевтің өлеңі шу туғызды

Ел арасында “сарай ақыны” атанып кеткен Балтабек Нұрғалиевтің тағы бір жыры ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Ол бұл жол орыс тіліне арнап өлең жазған, деп хабарлайды Экспресс К.

Орыс тіліне арнап жазған жырын Балтабек Нұрғалиев Facebook-тегі парақшасында әуелі орысша жариялады. Кейіннен көпшіліктің пікірінен кейін ол өлеңінің қазақша нұсқасын ұсынды. Онда ақын орыс тілін қатты жақсы көретінін және тіл білмейтіндерді соншалықты жақтырмайтынын жеткізген.

Орыс тілім, жасай бер, орыс тілім,

Мен өзіңді білуге борыштымын.

Орыс тілін білмесем егерде мен,

Түсінбес ем өмірде көп іс түбін.

Орыс тілім — қанатым қалықтаған,

Орыс тілде сөйлесем, шабыттанам.

Орыс тілі — көркем тіл, әдемі тіл,

Ұлылығын айтудан жалықпағам.

Орыс тілде ән айтам, тыйым салма,

Өзім білем мен оған сыйынсам да.

Орыс тілі — жанымның шамшырағы,

Орыс тілмен шешілер қиын шаруа.

Орыс тілсіз ұқпаспын замандарды,

Әлемдегі хаттарды, хабарларды.

Сүюге де міндеткер емеспін мен,

Орыс тілін сүймейтін адамдарды.

Балтабек Нұрғалиевтің бұл өлеңіне жағымсыз пікір көп жазылып жатыр.

"Елді құртатын, сатқындық жасайтын осындай сорлылар!", "Мынауың таза жынды екен ғой", "Орыс тілін дамытуға ақша бөліне ме?", "Арамыздағы ең ақылды осы Балтабек болып шығады. Бұл сарказмды, сатираның ең биік шыңы деп танимыз әлі", "Сатқындықта да шек болмайды", "Балтабек, орыс тілін соншалықты сүйсең Ресейге көшсей", — деп жазды желі қолданушылары.

Экспресс К.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста