Бізде істегісі келетіндер көп те, істейтіндер аз. "Үйту керек еді, бүйту керек еді" деп жүрген біреу.
Жоқ, келісем, ойша мықты болуыңыз керек, мышлениені өзгертуіңіз керек, миллионер болыңыз тіпті, бірақ оймен, ауызбен орақ орғанмен түк шықпайды. Кез келген жерде артыңызды көтеріп, еңбек етпесеңіз, ойлаған мақсатыңыз жүзеге аспайды.
Мен көпірііііп сөйлеген адамның сөзі емес, алдымен ісіне мән беремін. Тіпті бір адамның бизнес кітабын оқымас бұрын, "не бизнес жасайды екен" деп өмірін зерттеймін, әттең 90%-да сөз бен іс сәйкес келмей жатады((.
Осы инстада үп-үлкен анамдай апайларымыз жас қыздармен қосылып алып "Киіміңнің матасы нашар", "Қыздарың дұрыс қабылдамайды", "Затты кешігіп саласың", "Сумкаң кожа емес", "Мантың дәмсіз" дегендей сынды түгімді қоймай жазады), еще раxаттанып жазады. Сын дұрыс, мен қабылдаймын, ешкімді блокқа тықпаймын, Астана бірден салынған жоқ, ол жақта әлі стройка боп жатыр, бірақ сын деген осы екен деп негативвв жаза беретіндерге таңғалам ше, алтын уақыттарына обал-ааай, сол интернетіне ақша төлеп отыр, сонда ойымен де "Мен баймын, ақша интернетім үшін өзі кеп төлей береді" деп айта ма екен
Сатушы іздедім, Завсклад іздедім, үй шаруасына көмекші іздедім, бір адам жарамады, "Неше төлейсің?" деп келеді де, бір киімді санай алмай тұрады. Дап-дардай әйелдер тамақ пісіре алмайды.
Негізі ешкімді жамандамаймын, жалпы жазып отырмын. Біреуді сынамас бұрын, аяқ киімін ки де жолымен жүр, істегенін істе, батпақ лақтырсаң қолың былғанады...
Просты бір адам 5 жұмысты істей алады да, ал бір адам бір жұмысты істей алмай отырып инстада мыжитынына жыным келед ше
Жанат Бақыт: "Бізде істегісі келетіндер көп те, істейтіндер аз"
Последние статьи автора