Жалаңаш суретке түсуден ұялмайтын жұлдыздар

Жалаңаш суретке түсуден ұялмайтын жұлдыздар

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері сымбатты тәндерін көрсетіп, су киімімен суретке түскенді ұнатады.

Бірі олардың бұл әрекетін имансыздыққа баласа, енді бірі қызғана қарайды. Сұлулықтарына тамсанып, қоштай түсетіндер де жоқ емес деп жазады Stan.kz.
Жартылай жалаңаш суретке түсуге құмар жандардың бірі – Луина. Бұл бойжеткен бикини киіп суретке түсуден еш қысылмайтынын айтады. Интернет беттерінен оның су киіміндегі суреттерін оңай тауып алуға болады.


Луинаның тәнінің мінсіз болуы спорттық жаттығулар мен бала босанбауының салдары болса керек. Ал бір емес, бірнеше бала тәрбиелеп отырған Лидоның өзіндік құпиясы бар екені анық.

Әншінің Instagram желісіндегі суреттерін көрген желі қолданушылары оның көпбалалы ана екеніне сенбей жатады. Су киімінде суретке түсіп, жеке жаттықтырушымен дайындық жүргізеді. Мұнымен қатар, түрлі диета да ұстайды.

Лидо күніне алты уақыт тамақтануға кеңес береді әрі мінсіз сымбатын тұқымқуалаушылықпен байланыстырады.

“Тағамды жиі, бірақ аз-аздан жеу керек. Дәлірек айтсам, әр 2,5 сағат сайын. Сонда адам бір күн ішінде алты уақыт тамақтанатын болады. Бұлшық еттер өсу үшін тек ет жеу керек. Бұдан өзге жұмыртқа, көкөніс, жаңғақтың пайдасы мол. Шынымды айтсам, етті онша ұнатпаймын, тәттіні көбірек жақсы көремін. Сондықтан бұл диетаны ұстауға қатты қиналамын”, – дейді ол.

Су киімімен суретке түсуді ұнататындардың бірі – Мақпал Исабекова. Көпшілік әншінің желі қолданушыларының ашуына тию үшін осылай жасайтынын айтады.


Айсұлу Әзімбаева алдынға қойған мақсатына жетпейінше тынбайтын жандардың бірі. Жуырда ол Эльбрус шыңын бағындырған болатын. Небәрі 28 жасында отыздан астам мемлекетке саяхаттап үлгерген екен.

Күнделікті тұрмыста кэжуал стилінде киінсе де, бойжеткен сахналық қойылымдарда ашық-шашық киімдер киюге қымсынбайды. Мұнымен қатар, фотосессияларға жалаңаш түседі. Десе де, бойжеткен әдетте үстінде түсі дене терісімен бірдей киімнің болатындығын айтады.


Шетелдегі демалыстан алған әсерін бөлісемін деп жуырда тележүргізуші Динара Сәтжанның басы дауға қалған болатын. Көпшілік оның су киіміндегі суреттеріне имансыздықтың нышаны деп баға берген-ді.

Шынайы болмыстарын көрсетуден еш қымсынбайтын жұлдызды жұп – Диана мен Роман. Миронов мырза тіпті дәретханада отырып түскен суретін көрсеткен болатын. Диана да су киіміндегі суреттерін жиі салады.


Баян Есентаева мерекелік отырыстарға ұстамды образда киінеді. Ара-тұра кэжуал стиліндегі киімдерді де таңдайды. Десе де, продюсер қыпша белін көрсетіп жиі мақтанады. Тіпті, бір кездері орамал тағып, оранып әуре болмайтынын да айтқан-ды.

Бұл бойжеткеннің ермінезділігінен қыз қауымы ғана емес, сүйіктісі де қорқады екен. Өзі де кез келген сәтте батылдық танытуға дайын екенін айтып отырады. Жәния Джуринская күнделікті тұрмыста да, түсірілім кездерінде де ашық киімдер киюге еш қымсынбайды. Тіпті ара-тұра кіндігін ашып, қыпша белімен мақтанып та алады.


Әсел Сәдуақасованың бүгінгі образы өзгерген. Бұған себеп те жоқ емес. Бойжеткен бірнеше жыл бұрын сүйіктісіне алданған болатын. Үйленемін деп уәде берген жігіті пәтері мен көлігін алып қана қоймай, жоғарыдағы суретті барлық әлеуметтік желіге таратып жіберген. Осы оқиғадан кейін Сәдуақасованың болмысы да, киіну мәнері де өзгерген. Дәл қазір өз жасына сай, ұстамды образдарды таңдайды.


Дарья Вербова ашық киімдер кигенімен қоймай, өзіне сыни пікір жазған қазақстандықтарға көңілі толмайтындығын айтып отырады. Бір кездері ол жұрттың ызасына тию үшін су киімінде стриптиз билеп берген болатын. Бұл әрекетіне жігіт қауымының көп бөлігі риза болған-ды.

kaz.365info.kz 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста