Хюррем сұлтанның дауысымен видео түсірген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

Хюррем сұлтанның дауысымен видео түсірген Гүлзира Айдарбекова сынға қалды

Танымал түрік сериалының басты кейіпкері Хюррем сұлтанның дауысымен видео түсірген Гүлзира Айдарбекова тағы да сынға қалды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әдемі көйлектерін киіп түскен видеоға өзін Сұлтан Сүлейменнің сүйікті жары деп таныстырған Хюррем сұлтанның дауысын қойған. Бұл видеосын әлеуметтік желіге жүктеген Гүлзира Айдарбекова жұртқа жақпай қалды.

 

“Хюррем болу саған қайда”, “Өзін өте жоғары бағалайды”, “Хюрреммен салыстыруға да келмейді”, “Армандама, саған жараспайды”, – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

 

Жағымсыз пікір жазған хейтерлерге Гүлзира Айдарбекова:

“Сен үшін мықты, қол жетпес шығар. Менің отбасыма барып сұрашы, Хюрремді менің тырнағыма ауыстырар ма екен?”, – деп жауап қайтарды.

 

Продюсер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бұл видеоның қалай түсірілгенін баяндап, ешкімнің өміріне қызықпайтынын жеткізді.

 

“Туған күніме киген қызыл көйлегімді, көмекшім жәй өзіне түсіріп тұрғандай болып еді, кейін Хюремнің дауысын қойып екінші салған видеоны жіберіпті. Қызық көріп TikTok-қа “Әр әйел өз үйінің ханшайымы” деген тақырыпта салғанмын. Оқырмандардың көбісі жақсы пікір қалдырыпты, кейбірі “Хюррем болу саған қайда” депті. Негізі сол Хюррем болғым келіп армандап жүргенім жоқ. Соның өміріне өз өмірімді ауыстырмас та едім. Алла әр пендесіне жеке өмір, жеке тағдыр жазған, біреудің өмірін сүру мен үшін арман да емес. Қанша мықты болса да, ханның пәлен қатынының бірі болғанымша, өз жанұямның шамшырағы, Нүрекеңнің ханшайымы болып жүре берейінші”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста