Танымал әнші, композитор Ұшқын Жамалбектің әйелі мәһірге үш бөлмелі пәтер сұрады. Қалыңдықтың бұл талабы әншінің шамына тиді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Мәһір мәселесі қоғамдағы қызу талқыланатын тақырыптардың бірі.
Әнші Ұшқын Жамалбек осыған қатысты әзілге толы видео түсіріп, оны Instagram-дағы парақшасында жариялады.
Онда композитордың әйелі мәһірге үш бөлмелі пәтер сұрап жатыр. Бірақ қалыңдықтың бұл талабы әншіге ұнамай, екеуі имамның алдында сөзге келіп қалады.
Осы арқылы әнші мәһірге қымбат дүние сұрайтын қыздарды сынағысы келгендей.