Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасқа туған күнінде ерекше сый жасады. Десе де оның бұл әрекеті жұрт пікірін екіге жаруда, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Тосын сыйдың бейнежазбасын Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде жариялады. Видеода үйге келген Қайрат Нұртасты әртүрлі кейіпкердің кейпіндегі қуыршақтар күтіп алғанын байқайсыз. Тіпті қуыршақтар арасында қара нәсілдісі де, ұлының келбетін кигені де бар.
Тұла бойым тұңғышымды 9 ай 9 күн көтеріп, ана атанған күнім. Сөйтсем, Алланың қалауымен халықтың ұлы етіп туған екенмін ғой. Құлыным, мен сенімен мақтанамын! Жолың ашық, жүзің жарық, тұғырың биік болсын, — дейді бейнежазбада.
Десе де, қуыршақтармен күтіп алған ананың әрекетін жұрт қатты талқылауда. Тіпті халықтың бір бөлігі бұл әрекетті сынға алса, енді өзгелері құттықтау тілекке қосылған.
"Неге сүйкімсіз қуыршақтар". "Осылардың орнына жарың, қыздарың, ұлдарыңмен билегеніңде қандай бақыт еді". "Халықтың ұлы дейтіндей халыққа не жасады". "Әйелі қайда? Неге бірінші болып құттықтамайды". "Неге жай ғана құтты болсын деп айта салмайсыздар", — деген жазбаларын жазуда желідегі жұрт.