Үйлену тойды, қыз ұзату тойын қалдыру керек, болды, қалғанының керегі жоқ - Жүсіп Ақшора

Үйлену тойды, қыз ұзату тойын қалдыру керек, болды, қалғанының керегі жоқ - Жүсіп Ақшора

 "Шаншар" әзіл-сықақ театрының әртісі Жүсіп Ақшора қазақ тойы түрлерінің тең жартысын алып тастау керек деп санайды. Ол тойдан береке кетіп, қазақты әбден шаршатып, қажытып жіберді дейді.

- "Мерекесі көп елдің берекесі болмайды". Мұны Қадыр Мырзалиев ағамыз айтып кеткен. Көшедегі халықтың 71 проценті қазір тойдың қамымен жүр. Қанша күн жұмысынан қалады, қаншама қиыншылыққа тап болады. Шетелге барсаң, ондай емес. Өз-өзін күткен, өз-өзін дамытқан халық. Қарасаң біреу ұшақтың моделін жасап алып, соны қалай дамытсам деп ойланып отырады. Кәдімгідей қызығасың оларға. Ал біздікі бар тапқан-таянғаныңды құр шашу, - дейді ол.

Сондықтан ол қазақтың той түрлерінің басым бөлігін қысқартып тастау керек, бесік той, туған күн дегенді тойлаудың мүлде қажеті жоқ деп санайды.

- Қазаққа тойды тоқтату керек. Жартысынан көбісін алып тастау қажет. Үйлену тойды, қыз ұзату тойын қалдыру керек, болды! Қалғанының керегі жоқ. Сүндет той, бесік той деген мал сойылып, туғандарының ғана өз ортасында жасалатын дүние ғой. Оған алашапқын болып, үлкен той жасап, далақтаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бұрын "тышты ма, тышты ма" деп бесікті ұстап, бес кемпір келіп, бесік тойын жасап кететін. Ал қазір 250 адамды бір-ақ шақырады. Анау, алыстағы ағайындарды шақырасың. Ат әуре, көт әуре болып келеді еріксіз олар. Оның бәрі шын ниетімен қуанып келіп жатыр дейсің бе? Бәле болды ғой, өткенде ғана той жасаған, енді немене тағы да деп кейиді. Жолда кейбірі бәлеге ұшырап жатады. Тойға деп шығып, жол апатына ұшырағандар, сөйтіп өліп кеткендер де бар.

Юбилейді бұрын ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері тойлайтын. Қазір бәріміз тойлағыш болып алдық оны да. Біреудің туған күнінің кімге керегі бар? Туса өзі үшін туып, өзі үшін жасқа толып жатыр. Оған елдің бәрін әуре қылып жан-жақтан шақырып жатады. Кішкентай баланың 1 жасқа толған тойының не керегі бар? Сондай тойларды қысқарту керек бізге, - дейді ол.

 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста