Төреғали Төреәлі анасын туған күнімен ерекше құттықтады

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі анасын туған күнімен құттықтап, оған естен кетпес тосынсый жасады. Өнер иесі өзіне өмір сыйлаған жанның құшағын сансыз гүл шоғына толтырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Төреғали Төреәлі анасын жаңа жасымен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Ол туған күннен арнайы видео жариялап, оны көпшілік назарына ұсынған. "Ассалаумағалейкум ағайын! Менің анамды туған күнімен құтттықтап, әкем екеуіне ұзақ ғұмыр зор денсаулық тілеңіздерші! Жандарбек Бұлғақовтың өлеңіне жазылған Ерген Айтымбетовтың тамаша әнін анашымның құрметіне тарту еттім", - деп жазды Төреш. Бейнежазбада әнші үйінің ауласына мыңға жуық раушан гүлін алып келіп, анасына ерекше тосынсый жасағанын көруге болады. Анасы үйден шыққан бойда Төреғали оны ән салып күтіп алады. Мұндайды күтпеген әртістің анасы көз жасына ерік беріп, өзін құттықтап келген барша жандарға алғысын білдіреді. 

Желі қолданушылары құттықтауларын легін жалғастырып, "Ұлы дала баласының" анасына өз ақ тілегін жолдады. "Мың жасаңыз. Балаларыңыздың қызығына тоймай жүре беріңіз", "Құттықтаймыз. Төрештей азаматты дүниеге әкелген ана мықты. Деніңіз сау болсын", " Міне ана бақыты деген осы. Ақ мамаңның туған күні құтты болсын! Қосағымен қоса ағарсын, сендердің қуаныштарыңмен бақыттарыңа бөленіп жүре берсін", "Ата-анаң мың жасасын! Мына видеоны көріп қуаныштан көзіме жас үйірілді", "Өзіңдей баланы әкелуге себепкер болған анаңа мың алғыс! Ұзақ, әдемі ғұмыр кешсін әкеңмен бірге жүз жасасын", - деп жазуда көпшілік.

KAZ.NUR.KZ. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста