Тамара Асар қызды болды (фото)

Белілі әнші Тамара Асардың қызды болғаны туралы жаңалықты құрбысы әнші Гүлнұр Оразымбетова өзінің instagram парақшасында бөлісті. Ол gulnurorazymbetova  парақшасына "Қазақ сахнасының сұлу Тамарасы тәп-тәтті қызды өмірге әкелді. Керемет әшекейлеріңді тағатын қызың болсыншы деген тілегіміз қабыл болды!" деп жазды. 

Ал Тамара Асар өзінің tamara_assar_official парақшасына былай деп жазды: 
-Апа, мен Қарақатқа барып келейін, ауылынан мамасы келіпті, амандасамын, сосын ол кісіден бір нәрсе сұрауым керек еді-дедім.
-Барғың келсе бар, жолда абай бол, қасыңда сенімді ерадам болса әрине -деді.
Көрші тұратын Қыдекем мен Қарақаттың үйіне ұзаааақ жиналдым.
Бір кезде шешем,
-күн суықтау сияқты жылы киінші-деді,де шкафтың түп жағына қолын зорға созып, ішіне кіріп кете жаздап, иін-тіресіп тұрған көп киімнің ішінен әрең дегенде бір пальтоны суырып шығарып алды. Сол пальтоны алғанша терлеп те кеткен, қолына ұстап алып, қағып-сілкіп жатыр. Маған таныс пальто:
-Мынау менің жас күнімде киген бәлтем, әкең алты айдың жалақысын жинап сатып әперген. Жарықтықты сақтап жүргенмін бір керекке жарар деп, қарашы әлі су жаңа мә киіп ал. Өзі жып-жылы, бағасы да арзан емес. Әке мен шешеден көз болған, жылумен сұлуын жоғалтпаған әдемі бәлтені киіп шықсаң, саған бүкіл ел қызығатын шығар-деп кигізіп тұрып:
-Мәәә құйып қойғандай шап-шақ екен,жараса қалды-деді де қатты құшақтап тұрып, бетіме тіке қарады да, есікті өзі ашып, көзімен қолымен жол көрсеткендей болды.

ТҮСІМ ЕКЕН.
Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып,өздігімнен күбірлеп,түсімді жори бастадым: Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген , оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… МЕН ДЕ… ШЫН БА? - дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт еткіздім…

Өмерге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға

Алаш айнасы

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста