Соңғы бір жылда 10 әйелге үйленген үндістің 94 баласы, 33 немересі бар

Соңғы бір жылда 10 әйелге үйленген үндістің 94 баласы, 33 немересі бар

Көп адамдар үшін үйлену-үлкен стресс. Тіпті некеден қорқатын адамдар да бар екен. Оларды гамофобтар деп атайды. Ал мына мақаланың кейіпкері гамофоб емес екенін дәлелдегісі келген сыңайлы.

Зайона есмімді ер адам үндістер ауылдарының бірінде тұрады. Ол үшін неке- күнделікті жасалатын әрекет секілді оңай нәрсе. Соңғы бір жылда ол 10 әйелге үйленген. Ал жалпы алғанда оныі 39 әйелі, 94 баласы, 33 немересі бар.

Ең қызығы әйелдерді ешкім оған сорлап тұрмысқа шығармайды. Көпшілікгі кедейшілікте өмір сүргендіктен үлкен отбасының мүшесі болуға бірден келісімдерін береді екен. Олардың барлыңы Зайонадан жақсы еркек жоқ екеніне сенімді және бір-бірінен оны қызғанбайды екен. Әйтеуір солай дейді.

Зайонаның әкесі кезінде Chana Pawl аталатын ұйым құрған. Ол сол ұйымның көшбасшысы. Онда 2000-ға жуық адам бар. Сонымен бірге бұл ұйымның басты ерекшелігі – көп әйел алу екен.

Зайонаның танымал болып кету себебі оның барлық отбасы бір үйде тұрақтаған. Мына суреттегілер оның барлық отбасы.

Зайона мұншалықты көп баланы асыраудан қорықпайсың ба деген сұраққа: «Мен өзімді құдайдың ерекше сүйген құлы деп есептеймін, Құдай маған осыншама адамды мен оларға қамқор болу үшін жіберді»-дейді. Зайонаның басты көмекшісі-бірінші әйелі. Бірінші әйелі 70-те. Алайда оның күш қуаты мен энергиясы тасып тұр. Ол барлық қалған әйелдерге нұсқаулар береді.

Отбасы мүшелері өте ерте тұрады. Дұға жасалған соң жұмыс басталады екен.

Күн сайын отбасы мүшелері барлығы 45 келі күріш, 20 келі көкөніс пен 35 келі ет жейді.

Зайона үлкен отбасы үшін арнайы үлкен салған. Мұнда 100-ге тарта бөлме бар. Зайонаның бөлек жатын орны бар. Отбасы барлығымен толық қамтамасыз етілген. Тіпті өздерінің жеке мектептері бар екен. Барлық әйелдер бір-біріне көмектеседі. Бала қарауға арнайы бала күтушілер де қажет емес.

67 жасқа келген Зайона өзінің тағы да әйел алуға , бірнеше рет әке атануға қарсы еместігін жеткізген. Ал ол қайтыс болған соң мұраны кім иеленетіні әлі шешілмеген екен.

Шолушы: Сабина Рамазан

qamshy.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста