"Сіздерге қызығамын": күйеуімен серуендеген Гүлзира Айдарбекова көпшілікті сүйсінтті
Отандық продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде күйеуімен серуендеген сәттің видеосын жариялады. Көпшілік Қайрат Нұртастың ата-анасының махаббатына сүйсініп, оларға сүйсінгенін жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Гүлзира Айдарбекова видеоны Instagram парақшасында жариялады. "Нүрекең (продюсердің күйеуі - ред.) қыдыртып қайтамын деп асықтырғанын айтып едім ғой. Мінекей, осындай керемет таудың бөктеріне алып барып, біраз көңіл көтеріп, сырласып қайттық. Елімізде керемет жер көп қой. Мен бұл жерге алғаш рет келдім", - деп жазды продюсер. Ал желі қолданушылары продюсер мен жұбайының махаббатына сүйсінді. "Керемет", "Үбірлі-шүбірлі болыңыздар", "Жарасымды жұп", "Үлгілі отбасы", "Сіздердің жолдарыңызды бізге берсін", "Жастарға үлгі болар отбасысыздар. Жарайсыздар", "Жаратқан ием дәл осы бақытты күйлеріңде бір жастықта қартайтсын". "Бейнеттің зейнетін көру деген осы шығар", "Қазаққа Қайрат деген ұлды сыйлаған үлгілі әке мен ана", "Сіздерге қызығамын", "Жүз жасаңыздар", "Бақыт құшағында деген осы шығар", - деп жазды желідегілер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Гүлзира Айдарбекованың ортаншы келіні атасы мен енесінің өзіне үнемі қолдау білдіретінін көпшілікке көрсеткен болатын.