Серік Аббас-Шах:"Қазақтың тойы - ысырап!"
Қазақтың тойы - ысырап!
Дастарxандағы түрлі тағамды ішіп-жеу үшін емес, мақтаныш үшін лықа толтыратын ағайын, ойланыңыз! Қанағат керек! Нәубет жылдары қатқан нанның қоқымына зар болып, қалың алаштың миллиондаған баласы ажал құшқан жоқ па? Қазақтың жартысын қырған сол ашаршылық неге сабақ болмайды (сіз бен бізге)? Тамақтың ысырабы қара қазақтың тоқтығын емес, дарақылығын білдіреді. Нанның да обалы болады. Асты бей-берекет шашып- төгу, тектілікті білдірмесе керек-ті. Мен мұны аштық кезінде қынадай қырылған қандастарымыздың аруағын сыйламау деп қабылдаймын.
Той болмасын демеймін (әрине), бірақ ысырыпқа үзілді-кесілді қарсымын. Желінбей қалған астың молдығына қарап раxат сезім кешетін болсаңыз - сіздің деніңіз сау емес. Онда дәрігерге көрініңіз (өзіңіз сияқтыларды да ерте барыңыз)