Қытайда ең әдемі құйрықтарды анықтайтын ұлттық байқау өткен. Оған 50 қыз қатысты.
Олардың арасынан 19 жасар Гао Цяньның құйрығы озып шығыпты. Оған 5000 юань көлемінде жүлде берілген, деп хабарлайды Tengrinews.kz Shanghaiist-ке сілтеме жасап.
Гао Цянь
Гао Цянь мұндай жетістікке спортпен көп айналысудың арқасында қол жеткізгенін айтты. Ол құйрығын әдемі қалыпқа келтіру үшін күніне шамамен алты сағат бойы жаттығыпты.