Қымбат Тоқтамұрат:"Фунчоза" салатын жасаған сайын езуіме күлкі үйіріледі...

МӘНСИЯНЫҢ "МОЧАЛКАСЫ"
"Фунчоза" салатын жасаған сайын езуіме күлкі үйіріледі...
⠀
Ауылдағы бір апамыз осы крахмал лапшасын "мочалка" деп ойлап, екеуін сатып алыпты. Біреуін шалына беріп, екіншісін өзі алып, моншаға келген ғой. Апамыз "мочалкасын" тазиктегі ыстық суға жақсылап малады да өзі буға кіріп кетеді. Шыққаннан кейін қараса, "мочалка" құрғыры көл-көсір лапшаға айналып, көпіршіп тұр дейді. Басында түсінбей, аң-таң болады. Қолын салса, "мочалкасы" жып-жылмағай тартып ұстатпайды. Болмаған соң жанындағыларға білдірмей, аузына салып көреді. Сонда барып оның мочалка емес, жейтін "зат" екенін түсінеді. Есі шыққан апамыз тазик толы лапшаны моншаның су ағатын тесігіне салып, ағызып жібермекші болады. Ыстық суда әбден ісінген лапшалар кішкентай тесікке қайдан сыйсын?! Ақыры, шала-шарпы жуынып, "мочалкасын" көтеріп алып, сыртқа атып шығады). Қараса, мына жақтан бір леген лапшаны көтеріп, түрі өрт сөндірердей болып шалы келе жатыр дейді
⠀Фейзбуктегі жеке парақшамнан осында сүйреп әкелдім. Жазба бұрынғы, бірақ сурет пен салат "свежий". Ораза қабыл болсын!
Инстаграм парақшасынан





