Қазақстандық фотограф Жұлдыз Тайыр актриса Айсұлу Әзімбаева мен Айнұр Ниязованың қатысуымен әртістердің жалаңаш тәні бейнеленген фотосессия жүргізді. Суреттер фотографтың Instagram парақшасында жүктелген.
Актриса Айсұлу Әзімбаева “Әсел және оның құрбылары” атты хикаяда бас кейіпкерді сомдаған. Сондай-ақ, әртіс Joker, “Домашние войны” туындылары арқылы көрерменге жақсы таныс.
Айнұр Ниязова “Заговор Оберона”, “Кенже”, “Книга легенд: Таинственный лес” және “Ликвидатор” кинотуындылары арқылы халыққа танылған.
Фотографтың жұмысына қазақстандық әнші Зара да қатысқан.