Қазақ қызы жалаңаш мүсінімен халықаралық байқауда топ жарды (фото)

 Ақтөбе қаласында түратын 25 жастағы Құралай Закарина Supermodel International-2016 модельдердің халықаралық конкурсында Best in Swimsuit ("Суға түсетін киіммен үздік образ") титулына ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Конкурс Үндістарда үш апта бойында өтті.

"Конкурс керемет өтті, қатысқаныма еш өкінбеймін. Орасан зор тәжірибе мен білім алдым. Енді көбісі біздің Қазақстанды біледі. Барлығыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет", - деді ару.

Қыз модельдер конкурсына жарты жыл дайындалыпты. Күн сайынғы жаттығулар, дефиле, спортзал, дұрыс тамақтану - Құралайдың күн тәртібі осындай болыпты. Айта кетейік, осындай абыройлы конкурста Қазақстанның атынан шығу үшін қыздар бірнеше кезеңнен өтуі тиіс болған. Біріншісі - іріктеу сурет арқылы жүргізілді. Кейін Алматыдағы World beauty congress Kazakhstan өкілдерімен әңгімелесу.

Айта кетейік, модельдерге киімді қазақстандық дизайнерлер Радмила Гишаева, Дариға Тайшықова дайындаған, ал әшекей бұйымдары Brosh брендінен алынған.

Super model International-2016 титулын Малайзия моделі Джозефин Тан жеңіп алды, екінші орын ресейлік Алиса Маненокте, үшінші орынды фин қызы Джулия Пиккарэнен місе тұтты.

Суреттер жеке архивтен, сонымен қатар Missosology.com сайтынан алынды.
 

Тengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста