"Отбасылық сынағымыз": 5 жыл бала сүйе алмаған блогер жан сырын ақтарды

"Отбасылық сынағымыз": 5 жыл бала сүйе алмаған блогер жан сырын ақтарды

Танымал әзілкеш, блогер Елдос Қадырханов (eldos_kalabok) отбасылық өміріндегі қуанышты хабармен бөлісті. Ол жұбайымен отасқанына 5 жыл толуына орай Мальдив аралдарына аттанды. Әзілкеш бала сүйе алмай жүргенін айтып, оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Stan.kz.

"Отбасы құрғанымызға 5 жыл, Аллаға шүкір, Алладан дұға етіп сұрап алған келіншегім ғой. Енді Аллах бізге бала болып жүре бермей, балалы болуды нәсіп етсе, арманым жоқ. 

Достар, сіздер де дұғада болыңыздар. Баяғыда көңілімізге алып, жаман болып қалушы едік. Қазір ондайды қойдық. 

 Аллах қаласа ұл береді, қаласа қыз береді, қаласа екеуін де береді және қаласа ешқайсысын бермейді. 

Бұл біздің отбасылық өмірдегі сынағымыз, сынақтан сүрінбей өтіп, елден сүйінші сұрайтын күнге жетейік", - деп жазба қалдырды ол Instagram-да. 

Желі қолданушылары Елдостың тезірек балалы болуын тілеп, жылы тілектерін жаудырды. 

"Бала-шағаларыңыз көп болып, миларыңыз ашып жүре берсін", "Алланың қалауымен, Мальдивыдан ұлды да, қызды да болып келіңіздер", "Егізден нәсіп етсін", "Көпбалалы ана атансын", - деп жазды олар. 

Stan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста