Осы сурет қатты ұнаған соң босқа салмайын, төмендегі бір әңгімені “пычық” еткізейін оқымағандар бар шығар деп
Баяғыда бір жеңгеміз жұмысына ноп-новый жабысып қалған юбка киіп барыпты но ішінен карандаш деген іш киім кимепті. Өзі сол күні жұрт алдына шығып есеп беруі керек екен. Әріптес қыздары, -Әй мынауың не? Қой ұят болады, мына юбканың ішінен мұндай тұрси кимейді, деп қоймаған соң амал жоқ жүгееееп барып дәу тұр..ды әжетханада шешіп, сөмкесіне сық еткізіп сала сапты. Содан сахнаға шығып есеп берген, көңілі жайланып ойда он тиын жоқ жолда келе жатса жеңгемізді мәшине қағып түсіріпті. Ұзынынан құлаған жеңгеміздің сөмкесі арғы бетке ұшып кетіпті. Жұрт қаумалап, жинала қалып хал сұрап жатса, ол байқұс өлімнен ұят күшті деп, - Сөмкемді әкеп беріңдерші, ойбай сумкам! деп айқай салыпты, сөйтсе оны естіп тұрған бір ересек бала сөмкесінің ішінде миллион барына күмән келтірместен "ала-мала" қашыпты. Жеңгеміз сөмкесінен айрылып, бұтында дым жоқ екенін ойлап талып түсіпті. Жедел жәрдем, туысқандар жиналып абыр-дабыр көтеріп насилкаға салғанда бұты жылт ете қапты, содан болницадан бірақ шығыпты. Іш киімнің жоқ екенін жақындары түгел біліпті. Бұның іш киімі қайда болуы мүмкін?- деп әпкесі әбден есі кетіп уайымдап, қағып түсірген жігітке телефон шалыпты.
-Әй сен қақанда іш киімін сыпырып алған жоқсың ба? Мәшинеңнің темірі іліп кеткен жоқ па?-деп сұрапты. Жігіт байқұс,-Жоқ әпке ол құлағанда іш киімі болған" депті. Әй сен оны қайдан көрдің?- десе "Бір байқағанда бәрі нормально болатын" депті. Содан ағамыз ептиалмайтқа басып, жеңгемізге кіріп келсе сынған аяғын темірге асып қойған жеңгеміз әлі іш киімсіз жатыр дейді. Сән үшін сөйткенін айтып ақтала жылаған жеңгеміз аяғының батпандай гипсы алынғанша амалсыз жалаңаш жатыпты. Оған тамақ тасудан шаршаған абысындары чаттарында,- Ана жалаңбұтқа кім бүгін сорпа апарада? деп жазады екен. Красота требует жертва. Сөмке де, іш киім де табылмапты... Барлық жеріңізге ие болыңыз
Инстаграм парақшасынан