Маржан Болатханқызы:""Тізесі шыққан" пижамамен жүрмесем де, ыңғайлы футболка мен спорттық шалбарды кигіп келіп тұрады"
ШЕШІП ҚОЙ, КІР ҚЫЛАСЫҢ....
Ең әдемі мен жақсыны сыртқа, қонаққа, тойға, ал ең жұпыныны үйге кию&mdash бала кезден сіңіп қалған сияқты көпшілігімізде.
"Тізесі шыққан" пижамамен жүрмесем де, ыңғайлы футболка мен спорттық шалбарды кигіп келіп тұрады. Менде де бұл әдет ара&mdashтұра көрініс табады. Бір уақ үйдің шаруасына осылай киінген ыңғайлы болса да, күні бойы шешпей, түнде сол футболкасымен ұйықтап қалатын әйелдер көп.
Немесе түнде ұйықтаған пижамасымен күні бойы жүретін нәзік жандылар жоқ емес. Үлкен бауырларының трикосы мен кең футболкасымен жүретін қыздар да бар.
Карантин кезінде қанша уақытымызды үйімізде өткіздік. Үй&mdashол біздің энергияға толысатын, демалатын орында неге қалай болса, солай жүруіміз керек? Күйеу үшін емес, әуелі өзіміз үшін... Қазір ыңғайлы матадан тігілген, денеге жұмсақ үй киімі көп.
" Кір қылып қоясың, шешіп қой, қонаққа, тойға киесің" дегеннен қалыптасады көп нәрсе. Кішкентай қыздың табиғаты шаңырағында сәнденуді қалаған кезде тоқтатпаған дұрыс. "Бояуыңды сүрт, не тағып алғансың" деген шектеуді қыз бала бой жеткенде бейсаналы түрде ертең сыртқа шығаруы бек мүмкін.
Ең әдемі ыдысты қонаққа тығып қоямыз. Сол қонақты көп болса, жылына 10-15 рет шақырармыз. Неге өзімізге, бала- шағамызға әдемі, біркелкі ыдыстан ішпеске? Неге әдеміні өзімізден аяймыз?
Қонақ келгенде кір боп қалады деп, орындықты " пленкамен" орап қояды кейбіреулер. Дүние ескіреді, ал бала&mdash шаға өсіп кетеді.
Бұл постың инсайты, үйде барыңды киіп, жарың алдында боянып, сәнденуге шақыру емес. Өзіңді тастамау, өзіңді құрметтеу. Күйбең тіршілікте бір сәт өзіңе де көңіл бөлу. Ең қарбаласпын деген әйелдің өзі күнделікті шашын тарап, таза киініп, киімін ауыстыруға уақыт табады. Тойға қымбат көйлек алғанда, үйге де арнайы киімдер сатып алуына болады.
Үй киіміне қаншалықты көңіл бөлесіз? Арнайы сатып аласыз ба? Көбіне үйде қалай жүресіз? Әйелдерміз ғой бәріміз. Шынайы пікірлеріңізді күтемін. Бір әңгімелесейік.
Инстаграм парақшасынан