"Маған да, оған да жақсы": Қайрат Нұртастың інісі әйелімен ажырасу себебін ашып айтты

"Маған да, оған да жақсы": Қайрат Нұртастың інісі әйелімен ажырасу себебін ашып айтты

Былтырғы жылдың наурызында Алматыда қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың інісі Заңғардың үйлену тойы өткен болатын. Арада біраз уақыт өткенде Заңғар Нұртас пен келіншегі Жібектің ажырасқаны жайлы қаңқу сөз тарады. Хитменнің інісі әйелімен ажырасу себебін көпшілікке ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Заңғар Нұртас Instagram желісінде оқырман сауалына жауап беріп, қаңқу сөзге нүкте қойды. Желі қолданушысының бірі Заңғар Нұртастан "Жібекті сүйесіз бе? Татуласқыңыз келе ме?", - деп сұраған. Ал Қайрат Нұртастың інісі бұрынғы әйеліне қатысты сұраққа соңғы рет жауап беретінін айтып, бұл тақырыпты көтермеуді сұрады. "Бұл сұрақты жауып тастайықшы. Біз той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы бір құпия болғаны дұрыс", - деді Заңғар Нұртас. Сонымен қатар Заңғар Нұртас "әйелін тастап кетті" деген қауесетке де жауап берді. "Осы күнге дейін жанға бататыны "Неге қыздың обалына, көз жасына қалдың" деген әңгіме. Ешкім ешкімді тастап, қалдырып кеткен жоқ. Өзара сондай шешім қабылдадық. Осылай болғаны маған да, оған да жақсы", - деді Заңғар Нұртас. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Заңғар Нұртас отандық бағдарламаның бірінде ажырасып кеткенін мәлім еткен болатын. 

KAZ.NUR.KZ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста