Қыздар сұлулықты жақсы көреді. Солай емес пе?
«Адам көркі-шүберек» деген сөз бар, соны ескеріп бүгін қазақ эстрадасының сұлуы, әнші Мадина Сәдуақасованың сахнадағы үздік образдарының ондығын жасауды көздедік.
Мәдина ханым сұқбаттарының көбінде өзінің сұлулықты, нәзіктікті жақсы көретін айтып жүреді. Сондықтан да болар, оның киімдерінің көпшілігі нәзік түсті, сымбатты айқындап тұратын үлгіде тігілген.
Инстаграм парақшасында «Аrunaz design» сән үйіне бір жылдың ішінде жиырмадан астам көйлек тіктіргенін айтқан болатын. Бүгін Аrunaz design және Наил Байкушуковтың көйлектерінен тұратын үздік 10 көйлегін жариялаймыз! Сізге тағы қандай көйлегі ұнайды?