Луина: Бұл өмірде ана атанбай қалудан қатты қорықтым

Луина: Бұл өмірде ана атанбай қалудан қатты қорықтым

Бала кезінде анасы із-түссіз жоғалып кеткен Луина сол қорқынышты күнді еске алды. Әнші өмірдегі ең үлкен арманы жайлы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Жаратқан біледі! Әлем де! Менің арманым жанымда. Ол - менің ұлым, отбасым. 

Армандаңыздар, жақсыларым! Барлығы орындалады. Сүйікті де ерке қызы бола тұра, анамды жоғалтып алдым. Ол үйден шығып кеткен сол бір қорқынышты күні есейіп шыға кледім. Есімді білгелі бір ғана нәрсені армандадым. 

 
Сүйкімді балалардың анасы болғым келді. Балаларымның анасы болғанын қаладым. Бұл менің ең үлкен қалауым болды. Өмірде ана атанбай қаламын ба деп қатты қорықтым. Өзім көрмеген махаббатты сыйлағым келді. Барлығы артта қалды және осы секундқа дейін арманыма жеткеніме сене алмаймын. 

Күн сайын балама қарап, шүкіршілік айтамын. Сүйіктіме алғыс! Жаратқанға алғыс! Өзімнің денеме рақмет! Ұлым, саған рақмет", - деп жазба қалдырды Луина Instagram-дағы парақшасында.


Желі қолданушылары Луинаға қолдау сөздерін білдіріп, кішкентай Давидке жылы тілектерін арнады.

Айта кетейік, Луинаның анасы оның бала кезінде үйден шығып, қайта оралмаған. Әлі күнге дейін әйелден ешқандай хабар жоқ. Әнші кішкентайынан ата-әжесінің қолында өскен.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста