Елімізде қазақ тіліндегі баннерлерде, көше атауларында, жарнама тақтайшаларында кездесетін қателердің көптігі соншалық көзіміз де үйренісе бастады. Тиісті қадағалаушы орындар да үнсіз. Бұл бетімен кете берсе қазақ тілінің құқығы бұзыла беретіні сөзсіз. Қайта соңғы кездері әлеуметтік желілерде жастар мұндай қателерді жариялап, өздерінше күресуге тырысуда. Сондықтан фейсбук әлеуметтік желісінде тек осындай қателерді ғана жариялап отыратын, Қисық Қыңыр атымен тіркелген қолданушының парақшасындағы қателікке толы суреттерді сайтымызға жариялауға бекіндік.