Дәулет Серікбай:"Айтпақшы мынадай капоттарды лақтырмаңыздар осымен адам тасуға керек екен!"

Кеше Арқалықтың Олимпиский ауылында бір кісі ауырып, Жедел жәрдем кіре алмай осылай капотпен апарыпты. Қаладан шалғай ауыл емес, қалаға қосылып жатқан ауыл, ықшамаудан десе де болады. Қыстай қарды дұрыс тазартпапты.
Водстрой, Ақбидай, Олимпиский сияқты ауылдардың көшелерін қардан тазартпайтынын, көшелерінде бір түйір асфальт жоқтығын жақсы білемін. Көктемде езілген батпақтан көлік жүре алмайды. Ойқы-шойқы көшелерден жазда да жүру мүмкін емес. Осыларға щебен төсеуге болмай ма? тым құрыса Трактормен тегістеп қырғызуға болады ғой.
Көшелерді қардан тазарта алмаса қаптаған шенділер не бітіріп отыр?! Қала әкімі қайда, Төтенше жағдай қайда, қатты боран болмаған, бұл төтенше жағдай емес, пәлен күннен бері осылай тазармай жатқан. Қала әкімінің орынбасары Дархан Хамзин, Родина аулының әкімі Еркін Кожах сіздер не қарап отырсыздар?
Қайда әлгі сайлауда көпіріп уәдені үйіп-төккен депутаттар, сайлау кезінде ауылдың мәселесін біліп жатырмыз деп үй аралап едіңдер ғой. Енді неге барып білмейсіңдер.
Депутаттар жылы кабинетте отырып алып Арқалықтың сағаттық белдеуін талқылапты дейді. Сағатты талқылағанша неге көшелерді қардан тазартуды талқыламайсыздар, бір қалаға жеке сағат белдеу енгізгенді қайдан көрдіңдер, сағатты облысқа түгел енгізеді, облыстық мәслихат талқылайды, үкімет шешеді оны. Қаланың мәслихаты емес.
Ерігіп талқылайтын нәрсе таппай отырсаңыздар айтайын, АЖЭК-тің жұмысшыларына айналдырған 60 мың жалақысын жырымдап 2 бөліп, әрі кешіктіріп береді екен, 30 жылдан бері солай екен, осыны неге талқыламайсыңдар?
Ұяттарың болса әкімнен бастап түгел орындарыңнан кеткендерің дұрыс. Бұдан қай беттеріңмен отырасыңдар. Әкім ауысқан сайын қымбат Джип алады, Көшенің қарын арши алмасаңдар, жылы кабинетте тығылып отырмай науқастарды өздерің тасыңдар шанамен. Джип алғанша трактор алмайсыңдар ма, Құдай біледі барып осы науқастың халін сұрауға да жарамаған шығарсыңдар.
Айтпақшы мынадай капоттарды лақтырмаңыздар осымен адам тасуға керек екен!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста