​Арам ойлап, жүректі қарайтпаңыздар - Сәкен Майғазиев

​Арам ойлап, жүректі қарайтпаңыздар - Сәкен Майғазиев

«Музарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиев «Инстаграмдағы» парақшасына бейнежазба жариялап, оқырмандарына ренішін білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ERNUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Мына видео «Сәкен Мейрамбектің артында, ал Кенжебек Сәкеннің артында жүру керек» деген жандар үшін.

Осыдан 4 күн бұрын жарияланған (үшеуміз жүріп келе жатқан) видеоның астындағы пікірлерді оқып, жағамды ұстадым.

Ортасында тұрсам, екеуінен бойым «ұзын» болған соң тұрам. Абайламай екеуінің алдына шығып кетсем, Мейрамбектен 2 жас, Кенжебектен 7 жас үлкен болған соң жүрем.

Сіздер өйтіп жаман ойлап, жүректеріңізді қарайтпаңыздар, өздеріңізге зиян ғой.

Үшеуміздің ойымызға кірмейтін арам ойлар кейбір адамдардың ойына қайдан келеді-ей. Түсініктеріңізден айналдым.

Айтпақшы, (менен жерді қызғанып), мені жек көретін жандар, ұрпақтарыңыз маған ұқсамасын, әумин!» - деп жазды Сәкен Майғазиев.

 

Әнші өзінің соңғы видеосында «Кенжебек, біздің артымызда жүрсей, Мейрамбек менің алдымда келе жатыр» деп күлген.

 

Ал оның бұл жазбасына оқырмандар тағы да өз пікірлерін білдірді.

 

«Иә, Мейрамбектің орны бөлек қой. Бөліп жармаймыз, дегенмен Мейрамбек аға алдында жүруі керек», «Мейрамбекті кекеткен түріңіз ба, олай болса сіздің атыңызға ұят, Мейрамбек бірінші жүруі тиіс», «Топтың сәні Мейрамбек қой, мойындау керек», «Үшеуіңіздің де орныңыз бөлек» деді «Музарттың» тыңдармандары.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста