Ақбота-Нұр болашақ жарына қандай талап қоятынын айтты

Ақбота-Нұр Сейтмағамбет болашақ жарының қандай болғанын қалайтынын айтты. Сылқымның сөзінше, сүйіктісі оның өнеріне кедергі келтірмеуі керек, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.

КешYou-де ән салып жүріп Дәурен Айдарқұловпен танысқан Ақбота-Нұр көп ұзамай әзілкешпен бас қосады. Бүгінде ортақ некеден туған бір ұл мен бір қыз өсіп келеді.

 

Алайда екеуінің отбасылық ғұмыры ұзаққа созылмады.

 

Ақботаның айтуынша, өнер адамы болғанына қарамастан, Дәурен оны шамадан тыс қызғанатын. Сол үшін арада ұрыс-керіс те көп болатын.

 

Ал сұлулығымен талай жігіттің жүрегін жаулаған Ақботаның ендігі болашақ жарына қояр талабы бар. Instagram оқырмандарының бірі Ақботадан шоу-бизнесті әлде отбасын бірінші орынға қоятынын сұрады.

 

"Екеуі де мен үшін маңызды. Мені бар болмысыммен қабылдаған адам өз таңдауына қарсы шығады деп ойламаймын. Өрісімді шектеп, қанатымды қиятын адам менікі емес", - деп жауап берді Ақбота-Нұр.

 

Одан бөлек, актриса қаншалықты кешірімді екенін айтты.

 

"Өткен шақтағы Ақботаш көбінесе кешірімді таңдайтын. Ал қазір "қалған көңіл - шыққан жан", - деді Сейтмағамбет.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста