Әйелі өзінен үлкен жұлдыздар (фото)

Әйелі өзінен үлкен жұлдыздар (фото)

 Махаббат жасқа қарамайды… Бұл бұрыннан айтылып жүрген тіркес, десе де елдің ішінде «идеал» жас айырмашылығы бар екені рас. Мысалы көпшіліктің пікірінше ер мен әйелдің жас айырмашылығы 5 жыл болуы керек немесе ер адам міндетті түрде үлкен болуы керек деп есептейді екен.

Бірақ осы бір қалыптасқан «ережені» бұзып, бақытты отбасын құрып отырған өнерлі отбасылар да бар. Иә, иә… дұрыс түсіндіңіз, бүгін біз әйелі өзінен үлкен танымал адамдарға шолу жасамақпыз.

Нұркен Өтеуілов пен Айнұр Болатқызы

Нұркен Өтеуілов танымал актер. Оны халық кезінде «Ханшайым» деген әндерімен хитке айналған «Бәйтерек» тобының әншісі ретінде де жақсы біледі. Оның жары Айнұр Болатқызы да сахнада өзін қалыптастырған актриса. Оларды қосқан өнер болса керек. Біздің есебіміз бойынша отанасы отағасынан екі жас үлкен. Қазіргі таңда екі ұл тәрбиелеп отқан үлгілі отбасы.

Мәдина Сәдуақасова мен Олжас Смағұлов

Танымал әнші Мәдина Сәдуақасованы таныстырып жатудың өзі артық шығар. Бұл сұлудың жары режиссер, олардың жас айырмашылықтары 6,5 жылды құрайтын көрінеді. 2014 жылы отбасын құрған екі жастың бір ұлдары бар.

Айнұр Жүгінісова мен Ерболат Жүгінісов

Ағайынды Жүгінісовтердің аналары әкелерінен екі жасқа үлкен екен. Айнұр Жүгінісова актриса, ал жары Ерболат кәсіби биші болған. Екеуі концерттік бағдарлама кезінде танысқан, бұл туралы Айнұр ханым: «Алғашында Ерболат өзін екі жас үлкен етіп таныстырған»-деп күлді. Қазіргі таңда әкелері балаларының өнерімен айналысады.

Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева

Қазақ эстрадасындағы жұлдызды жұптардың санын тағы біреуге арттырған-Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева. Алғашында Баянның продюсері болып жүрген жігіт, кейін өз сезімін білдіріп сақинасын ұсынды. Екі жұптың жас айырмашылығы 3 жас.

Илья Ильин мен Наталья Ильина

Күшіне ешкім теңесе алмас Илья Ильиннің жары да спорттан алыс емес. Әйелі Наталья Ильядан 3 жасқа үлкен екен. Олардың қазіргі таңда бір қыздары бар.

Арман Қоңырбаев пен Аша Матай

Өткен жылы Асылым есімді қызға ата-ана болған жұптың жас айырмашылығы 1 жыл. Қызығы сол Ашаның туған күні 22 желтоқсан, ал жарының туған күні 10 қаңтар. Яғни отағасы тек он тоғыз күнге кішкентай. Бірақ қаңтар айында жаңа жыл басталып кететіндіктен «бір» жасқа үлкен десекте болар.

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста