1986 жылы 16 желтоқсанда түсірілген сирек суреттер (фото)

 Биыл қанды желтоқсан оқиғасына 29 жыл толып отыр. NUR.KZ сіздерге желтоқсан оқиғасында орталық алаңға бас көтерген жастардың сирек фотолар легін ұсынады. Аталған суреттердің нақты авторлары белгісіз.

Кеңес үкіметі тұсында көтерлісті «бұзақылардың әрекеті» деп бағаласа, кейін келе «қазақ ұлтшылдарының бас көтеруі» ретінде қаралды. Осылайша көптеген тарихи мәліметтер бүгінге жетпей отқа оранып, жойылып кетті. Тек 1991 жылы КСРО тараған соң көтерліске қатысқандардың басым көпшілігі ақталып, желтоқсан оқиғасы «тәуелсіздік жолындағы көтеріліс» ретінде баға алды.

Желтоқсан толқуы СОКП ОК-нің бас хатшысы С. Горбачевтың ұлт басшысы – Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтің орнына Ульяновск обком партиясының бірінші хатшысы Генадий Колбинді қою туралы шешімінен соң басталған. Қазақ жастары ұлт басшысын қазақ ұлтынан қоюды талап етіп, 1986 жылы 16 желтоқсан күні Алматыдағы Жаңа (Брежнев) алаңына бейбіт шеруге шықты. 17 желтоқсан күні бас көтерушілердің саны 20 мыңға жетіп, кейінен көтерілісшілер мен тәртіп сақшылары арасындағы қанды қақтығысқа айналған.

Ресми деректер бойынша, қақтығыс кезінде екі адам көз жұмды делінген. Ал, бейресми ақпаратта қаза болғандардың саны 168 адам. Осы көтерілісті бастады, билік өкіліне қарсы шықты деген айыппен еліміздің әр аймақтарында 107 азамат сотталған.

Фотолар киноқұжаттар және дыбыс жазбаларының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынды.

Материалды дайындау барысында көрсеткен көмегі үшін мемлекеттік мұрағат қызметкерлеріне алғыс білдіреміз.

NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста