Қытай-Қазақстан құбыры қанша мұнай тасымалдайды?
Қытай-Қазақстан мұнай құбыры әр жыл сайын неше тонна мұнай тасымалдауда және тасымалдау көлемі ұлғайып жатыр ма?
Арман Бауыржанұлы, Семей
Ұзындығы 1200 шақырым болатын Қытай-Қазақстан мұнай құбыры батыста Қазақстанның Атасуынан басталып, Алашаңқай бақылау-өткізу пункті арқылы өтеді және шығыста Синьцзянның Душаньцзы ауданында аяқталады. Ол коммерциялық пайдалануға 2006 жылдың шілдесінде берілген болатын. Сол жылы мұнайды тасымалдаудың мөлшері 1,76 млн тоннаға жетті, 2007 жылы 4,77 миллионға дейін ұлғайды, 2008 жылы ол 6 млн тоннадан асып түсті, 2009 жылы 7,73 млн тоннаны құрады. Ал қазіргі сәтте Қытай-Қазақстан мұнай құбыры бойынша Қытайға мұнай тасымалдаудың мөлшері 20 млн тоннадан асты. Яғни коммерциялық пайдалануға берілгеннен бергі көрсеткіштің жалпы жиыны 20,39 млн тоннаны немесе Қытайға шикі мұнайдың жылдық импорты 12 пайызды құрады.