Дермене жусанының жапырақтары, гүлдері, тұқымдары және сабақтары дәрілік шикізат

Дермене жусанының жапырақтары, гүлдері, тұқымдары және сабақтары дәрілік шикізат

Дермене жусаны


Дермене жусаны (Artemisiacina &ndash цитварная полынь) &ndash қашқаргүлділер тұқымдасының жусандар туысына жататын көпжылдық жартылай бұталы өсімдік. Оның кіндік тамыры жуан болып, айналасында көптеген ұсақ қосымша тамырлары да болады. Қызғылт түсті сабақтары шоғырланып тік өседі. Сабақтарының биіктігі 30-50 сантиметрдей. Сары-қоңырқай түсті жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қауырсын пішінді әрі жиектері тілімделіп келеді. Сабақтарындағы үстіңгі жапырақ­тарының жиектері біртұтас тілімденбеген әрі ұзыншалау қандауыр тәрізді болып келеді. Гүлденудің алдында жапырақтары түгел түседі. Гүлдері көптеген ұсақ гүл себетшелеріне топтасып, жіңішке сыбыртқыға ұқсап шоғырланып тұрады. Жаз мезгілінде толық гүлдеп, күзде жеміс береді. Сарғыш, қызғылт түсті болып келеді. Гүлшоғыры шашақты, ұзындығы 3-4 миллиметр жұмыртқа пішінді себеттерде орналасады. Дермене жусаны Сырдария бойын­дағы Қаратау бөктерлерінде, Арыс, Сырдария, Бөген, Арыстанды өзендерінің аң­ғарларында өседі. Сонымен қатар Тә­жік­станның аздаған алқабында кездеседі. Бұл өсімдіктің шипалық қасиетін қазақ халқы ерте кездерден бастап-ақ біліп, оның қайнатылған тұнбасын, қоспасын түрлі ауруларға (әсіресе, ішектегі құрттарды түсіру үшін) пайдалана білгендігі тарихтан белгілі.

Ерте кездерде дәрілік өсімдіктерді іздеп келген басқа ұлт өкілдері жергілікті тұрғындардан «қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер?» деп сұраған кезде «дәрі міне» деп дермене жусанын көрсеткен екен деген аңыз бойынша оның атауы «дәрі міне», сөз тіркестерінен алынып, «дермене» деп аталып кеткен. Сондықтан да, дермене жусанын «дәрінің қазынасы», «дәрінің қоймасы», «дәрілердің патшасы», «дәрілердің дәрісі» деп босқа атамаған. Шипалық қасиеті туралы деректер Рим ойшылы Үлкен Плинийдің еңбектерінде кездеседі. Ал орта ғасырларда көрнекті араб дәрігері Ибн-Байтар еңбектері арқылы медицина ғылымына дермене жусанының дәрілік қасиеті кеңінен танылды. Ертеде арабтар дермене жусанын «киелі шөп» деп атаған. Дәрілік қасиеті ғылыми тұрғыда 1830 жылы анықталды. Оны Калер мен Алемс деген ғалымдар арнайы зерттеді. Біздің заманымызға дейінгі дәуірлерде дермене жусаны Жерорта, Каспий және Қара теңіздерінің жағалауларында, Орта Азия мен Қазақстан аумағында өскендігі туралы да тарихи деректер сақталған.

Дермене жусанының ежелгі отаны &ndash Палестина мен Мысыр аймағы деп есептелінеді. ХІХ ғасырдың бас кезінде Оңтүстік Қазақстан өңірінде өсетін дермене жусаны әлемге әйгілі болып, оны өндірістік негізде кеңінен пайдалану қолға алынды. 1830 жылы дермене жусанының құрамынан алғаш рет кристалды «сантонин» деп аталатын шипалық қасиеті өте жоғары препарат алынды. Бұл препарат тек қана дермене жусанынан ғана алынады. 1880 жылы орыс көпесі Савинковтың қолға алуымен Шымкент қаласында дермене жусанынан сантонин өндіретін арнайы зауыт салынды. Қазақ тілінің сөз тіркестерінде «дермене исі аңқыған кең дала» (С.Бақбергенов), «дермене дәні» және т.б. ұғымдар кездеседі. Жалпы «жусан» сөзі қазақ даласының ең сүйкімді рәмізі деп айтсақ, артық айтқандық бола қоймас. Дермене жусанын кейде «бозғылт жусан», кейде «бөрте жусан», «боз жусан» деп те атайды. «Қазақтың сөзі мен сазы даланың боз жусаны мен бозторғайынан жаралғандай» (Жақау Дәуренбеков) деген тұжырымның мәні өте көп нәрсені айғақтай түседі. Дермене жусанының жапырақтары, гүлдері, тұқымдары және сабақтары дәрілік шикізат болып есептелінеді. Алдын оның сабағының жоғары тұсындағы жапырақтарын гүлі ашылмай тұрған кезде жинап алады. Содан кейін гүлі мен сабақтарын жинайды. Демікпе, бронхит қабыну ауруларын емдеу үшін дермене тұқымын ұнтақтап, 0,5 литр қайнаған суға салып демдейді, күніне 3 реттен 30 грамнан ішкізеді. Сонда ауру адам тез арада сауығып кетеді. Дермене тұқымын мейізбен қосып, жаншып араластырып та пайдаланса, өкпе ауруына бірден-бір ем болып табылады.

Дәрілік өсімдіктерді арнайы зерттеген көрнекті орыс ғалымы П.С.Массагетов (1894-1972) 1924 жылы Қазақстанның шығыс өңірінен оңтүстік алқабына жасаған арнайы ғылыми жолсапарында қазақ халқының жергілікті жерде өсетін дәрілік өсімдіктердің шипалық қасиеттерін өте жетік білетіндіктеріне таңғалып, «қазақтар өсімдік атаулыны қатты бағалайды, оған өте мән бере қарайды» деп жазған (П.С.Массагетов. Өсімдік әлеміне саяхат. Алматы. Қайнар, 1988). Ол Қазақстанның оңтүстік аймағында өсетін дермене жусанын сипаттай келе, «дермене әсемдік пен сұлулықтың үлгісі...  Көп жусанның ішінде дермене жусан әртүрлі боз жылқының арасындағы асыл тұқымы сияқты» деп текке бағаламаған. Сонымен қатар маман ғалымдар дермененің өскен табиғи ортасына байланысты жапырақтары мен сабақтарының түсі де әртүрлі болатындығын атап көрсеткен. Мысалы, суы мол аңғарларда өскен дермене шағыр жусанға, дөңесті жерде өскені мүлде ақ түсті болып боз жусанға, ал құмдауытты жерде өссе, түгі аз кержусанға ұқсайтынын атап көрсеткен.

Жалпы, дүниежүзінде өсетін жусанның 500-дей түрінің 81 түрі Қазақстан аумағында өседі. Дермене жусаны елімізде шағын алқапта өсетіндіктен әрі сирек кездесетіндіктен Қазақстанның Қызыл кітабына (1981, 2014) жойылып кету қаупі төнген түр ретінде тіркелген. Бұл өсімдік түрін қорғау және сақтап қалу, қорын молайту мақсатында Оң­түстік Қазақстан облысында 1967 жылы респуб­ликалық мәні бар арнайы Задария, Ақдала (Арыс ауданы), Жамбыл (Бәйдібек ауданы) және Темір (Отырар ауданы) ботаникалық табиғи қорықшалар ұйымдастырылған.

Рысбай СӘТІМБЕКОВ, 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық универсиетінің профессоры

anatili.kazgazeta.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста