«Жұма, 13-і»...
Әлемдегі сан түрлі ырымшылдар 13 санынан және дәл осы 13 саны жұма күніне келіп тірелгенде қатты қорқады. Оның себебін айқындайтын бірнеше мифтер мен сенімдер бар.
* 13 саны көптеген адамдардың өмір сүруіне кедергі келтіргені соншалық олар тіпті дәл осы 13-і жұмаға түскен күні сыртқа да шықпайды, жұмыс та істемейді екен. Көптеген ауруханаларда мұндай палата жоқ, кейбір әуежайларда № 13 рейстер мүлде жоқ, ал зәулім үйлерде он екінші қабаттан кейін он төртінші қабат болып кеткені де жиі көрінеді.
* Бұл қарғыс 13 қазан, жұма күні француз королі Филипп IV-тің бұйрығы бойынша құрылған тамплиерлер орденінің барлық рыцарларының тұтқындалған күннен бастауын алады деп саналады.
* 13 санына деген қорқыныш Еуропада да бар. Мәселен әйгілі Вена паркіндегі аттракционда 13-інші цифр мүлде кездеспейді.
* Тіпті 13 санынан фобиясы бар адамдарды психотерапевттер емдейді де екен және оның ғылыми атауы бар - «параскаведекатриафобия».
* 1989 жылдың 13 қаңтарында Ұлыбританияда компьютерлер "Friday the 13th" ("Жұма, 13-і") вирусымен, сондай-ақ "Jerusalem" ретінде белгілі, бұзылып қалады. Бүкіл ел бойынша компьютерлер істен шығады, сенесіз бе?
* "Thomas W.Lawson" 5 жыл бойы Америка мен Канаданың жағалауында болады, ал 1907-ші жылдың желтоқсанында өзінің алғашқы трансатлантикалық рейсіне аттанады. Және бұл оның алғашқы және соңғы рейсі болды, 13-і жұма күні кеме дауылға түсіп, батып кетеді.
* Халық арасында жұма 13-і күні мыстандар, жын-шайтандар және басқа да қара күштер өз шабашын жасайды.
* АҚШ-та Индиана штатында Шот-Спрингсте әлі күнге дейін мынадай заң бар екен: 13-і жұма күні, барлық қара мысықтарға иелері мойындарына қоңырау тағып көшеге жіберуге міндетті.
* 13-і жұмадан қарапайым халық қана қорықты десеңіз қателесесіз. Атақты Наполеон да бұл күні өзінің маңызды істерін кейінге шегеріп, көшеге шығуға фобия пайда болады екен.Ал итальяндық композитор Россини осы күннен қорыққандығы соншалық, ол дәл осы күні жан тапсырған көрінеді.