Жер бетiн топан су басуы мүмкiн бе?

Жер бетiн топан су басуы мүмкiн бе?

Әлемдi бiздiң дәуiрiмiзден сан ғасыр бұрын басқан топан су қайталануы мүмкiн бе? Бұл – апаттарды зерттейтiн ғалымдардың ең өзектi тақырыбы. Өйткенi Жер ғаламшары жаратылғалы берi оның бетiн топан су 30 мәрте басқан екен, қазiргi адамзат 31-апаттың алдында тұр деп есептейтiндер бар.

Жердi көне заманда топан су басып, адамзат жойылып кетiптi деген аңыз қасиеттi Құран мен Iнжiлде ғана емес, әлемнiң бүкiл елдерiнiң аңыз-әбсаналарына арқау болған. Әртүрлi халықтардың аңыз-әңгiмелерiн зерттеп көрген ғалымдар бұлардың барлығы бiр оқиғаны суреттеуi мүмкiн деген қорытындыға келiптi. Мына бiр қызықты қараңызшы. Солтүстiк Американы мекендеген 59 тайпаның дастанында, Орталық және Оңтүстiк Америкада өмiр сүрген 46 халықта, Африка мен Таяу Шығыстың – 17, Азияның – 23, Австралияның 37 тайпасында, Еуропаның 31 этникалық тобында топан судың адамзатқа алапат зардабын әңгiмелейтiн аңыздар сақталған. Шамасы, мұндай су апатын бұрын-соңды көрмеген сол замандағы адамдар бұл сұмдықты ұмытпай, ұрпақтан-ұрпаққа таратса керек. Ғалымдар әлi де Жер бетiн топан су не себептi басты деген тақырыпты қызу талқылап, айтысады. Егер мұның нақты себебiн анықтай алсақ, бұл болашақта осындай апаттың алдын алуға септеседi.

ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕР

Немiс ғалымдары осыдан 7000 жыл бұрын Босфор бұғазындағы бөгеттi су бұзып, Жерорта теңiзi жылғасынан шығып кеттi дейдi. Бұл су екi жыл бойы үздiксiз тасып, мың шаршы шақырымдағы жерге жайылған. Су басқанда да 200 сарқырама жан-жақтан ағып келгендей суреттеледi. Қара теңiздегi су деңгейi күнiне 15 см-ге көтерiлiп, солтүстiктегi жағалау 2 шақырымға шайылып, құрлық жоғала бердi.

Бұл топан судың себебiн Колумбиялық университет оқытушылары Уильям Райан мен Уолтор Питман мұз дәуiрiмен байланыстырады. Мұз дәуiрiнде полюстерде су мұз болып қатқан, осылайша мұхиттардағы су деңгейi азайып, Қара және Жерорта теңiздерiн екiге бөлген. Бiрақ мұз дәуiрi аяқталған соң мұхиттардағы су деңгейi көтерiлдi. Бұл уақытта болған қатты нөсер немесе жер сiлкiнiсi әлгi бөгеттi бұзып жiбердi де, су қаптады.

Апат айтып келмейдi

Ал ендi Құран мен Iнжiлде суреттелген топан су қандай жағдайда қайталануы ықтимал? Флорида технология институтының физика ғылымдарының профессоры Хаким Олисейдiң айтуынша, Жер бетiндегi мұздықтардың бәрi ерiп кеткен күннiң өзiнде Жердегi бүкiл құрлықты су баспайды. Демек, бiздiң ғаламшардағы судың көлемi құрлықты түгелдей суға батыру үшiн жеткiлiксiз. “Әрi ғаламшардағы судың көлемi өзгермейдi, 400 миллиард жылдан берi ол үздiксiз айналымда, – дейдi Колумбия университетi астробиология орталығының директоры Калеб Шарф. – Жердегi су буланып атмосфераға ұшады да, жаңбыр не қар күйiнде жауып, мұхит суына түседi”.

Сондықтан Жердi тек сырттан, яғни ғарыштан келетiн су ғана жойып жiбере алады. Мэрилэнд университетiнiң атмосфера және мұхит зерттеушiсi Джефри Стеффер ғаламшарға мұздан тұратын астероид келiп соқтығысса ғана топан су басады дейдi.
Расында да, ғарыштың түкпiр-түкпiрiнде Жерден жүздеген миллион жыл қашықтықта орналасқан, негiзiнен мұздан тұратын алып нысандар бар. “Күндердiң күнiнде мұндай астероидтар Жермен соқтығысса, бұл мұхит суының деңгейiн мың есе көтерiп жiберуi бек мүмкiн”, – дейдi Гарвард университетiнiң маманы Константин Батыргин.
Х.Олисейдiң айтуынша, ғарыш нысандары Күн жақтан ұшып келсе, оны бiрден бiлмей қалуымыз да мүмкiн. Осындай астероид Жер серiгi – Айға келiп соқтығысқан жағдайда, астероид бүлiнiп, миллиардтаған мұз қалдықтарына ыдырауы ықтимал.
Жер жаратылғаннан кейiн алғашқы жүз миллион жылда ғаламшарға үздiксiз астероидтар мен кометалар үнемi соқтығысып тұрған. Жер бетiнде су осыдан пайда болған деген жорамал бар. Егер iрi мұз астероиды қазiр ұшып келсе, қандай апат болмақ? Егер астероид Аймен соқтығысып, Жерге жақын жерде жарылса, оның қалдықтары бiздiң орбитаға келiп түседi. Сөйтiп, мұз қалдықтары ғаламшарды сақина тәрiздi қоршайды. Осы сақинаның iшкi жағы Жердiң сыртқы атмосферасымен әрекеттесiп, Жерге қарай тартылып, жаңбыр түрiнде жауа бастайды. Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдайда жаңбыр бүкiл әлемде бiрдей жаумайды. Алдымен мұхитқа жақын жағалаудағы мемлекеттер зардап шегедi. Нағыз су басудың көкесi нөсер Сахара тәрiздi шөлейттi, құмды аймақтарда басталғанда болмақ. Өйткенi шөлейттi жердiң топырағы өте тығыз, суды сiңiре алмайды. Жылғамен аққан су жолындағысын жайпайтын алып толқынға айналады. Сөйтiп, су тасқыны басталады.
“Атмосферадағы мұздың ұсақ қалдықтары ерiп, буға айналатынын елестетiп көрiңiзшi. Онда бүкiл жүйе өзгередi ғой. Мұндай жауын 300 жылға дейiн жаууы мүмкiн”, – дейдi Дэвид Бартфильд.
Әуелi мұнша судан құтылуға қауқарсыз қала халқы зардап шегедi. Үйлер қирайды, инфрақұрылым тозады. Әлемдiк мұхит суының деңгейi көтерiлiп, жағалаудағы халыққа қауiп төнедi. Мұхит суы тасып, елдiмекендерге жетсе, құрамында натрий хлоридi бар тұзды су өткiзгiшке айналады. Демек, ол жоғары вольтты электр станциялары арқылы өтсе, тоқ өткiзгiш ретiнде жолында кезiккен тiрi жанның бәрiн тоқ соғып өлтiредi. Бiрақ бұл – бергi жағы ғана. Мұндай тұзды су электрмен жабдықтау орталықтарына жетсе, бәрi iстен шығып, адамзат электр көзiнсiз қалмақ.
Ол ол ма, көп ұзамай ауызсу мен кәрiз суы араласып, нағыз iндет басталады. Тырысқақ тәрiздi аса қауiптi ауру түрлерi ауыз су арқылы тарап, iндет жанжаққа жайылады. Қысқасы, адамзат топан суға қарсы тұра алмайды.
Технология дамыған заманда, апатты тоқтатудың жолы жоқ дегенге сену қиын, әрине. Бiрақ орбитаға түскен мұз қалдықтарынан қалай құтылуға болады? Мұзға күн сәулесiн түсiрсе, ерiп кететiнi белгiлi. НАСА мұзды қалдықтарды ерiту үшiн алып айна тиелген ғарыштық аппаратты Жер орбитасына жiбердi делiк. Футбол алаңымен бiрдей бiрнеше айнаға Күннен сәуле түседi де, астероид қалдықтарын ерiтедi. Алайда астероид қалдықтары секундына бiрнеше шақырым жылдамдықпен қозғалатынын ескерсек, жарықшақтардың бiрi айнаға тиiп, дiттеген жерге жетпестен қирайтыны түсiнiктi.
Адамзатты құтқару үшiн алып бөгет тұрғызса ше? Әрине, әлемде су деңгейiнен биiк бiр нүктенi таңдап алып, тiрi қалған адамдар жабылып, ондаған жыл жұмсап, топан судан құтқаратын биiк бөгеттi тұрғызуына болады. Десек те тектоникалық қозғалыс болып, жер сiлкiнсе, қандай цунамидiң көтерiлетiнiн болжай берiңiз. Мұндай толқын ерте ме, кеш пе бөгеттен асып түсiп, iштегi қаланы басып, жайпап жiбередi. Олай болса, мұндай алапат апат алдында адамзат қауқарсыз.

zhasalash.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста