Жастығымды тартып алған елес қыз

Жастығымды тартып алған елес қыз

Қас қарая төсекке қисайып қалғып бара жатыр едім, басымдағы жастығым сырғып сәкіге түсіп кеткеннен оянып кеттім. «Жастығым жайдан-жай неге түсті екен?» деп жан-жағыма көз салып едім, ешкім көрінбеді.

 

Қайтадан жастығымды басыма бүктей салып, көзім ілегіп бара жатқан, осы кезде жастығымды әлде біреудің жұлып алғанын анық сездім. Тосын жайдан ұйқым шайдай ашылды. Түсіп кеткен жастығымды еңкейіп алып бере, көзім тақтаның астында жастығымды қыса ұстаған қызыма түсті. «Қызым-ау, жастығымды өзіме бер, жеті түнде ұйықтамай жүргенің не, бар ұйықта» – дегеніме қызым аң-таң болған жүзбен: «Мені көріп тұрсың ба?» дегені.

 

"Қызым-ау, сені көрмесем менің кім болғаным" деп, жастықты көтеріп алдым да, әйеліме: «қызыңды орнына апарып жатқыз, ол әлі ұйықтамапты!» деп әйеліме кейіп едім «сен не айтып тұрсың, мен ешкімді көріп тұрған жоқпын» дейді жұбайым. «Мүмкін емес» деп тақтаның астын қарап едім, қызым әлі орнында тапжылмай жатыр екен. «Сәкіде жатқан қызыңды көрмегенің бе?» деп әйеліме зілдене қарап едім, ол маған ренжіп қалды. Мен амалсыздан «жүр төсегіңе жатқызайын» деп қызыма айтқаным сол еді, ол көз алдымда ғайып болғанда тынысым тарылып кеткендей болды. Сонда ғана мені мазалап жүрген «елес қыз» екенін түсіндім. Біржағынан «елестерді» көретін қасиетім бар екеніне шүкіршілік еттім. Әйтпесе кім біледі, «олардың» ойында не бар екенін? Бірақ жұбайыма "елес қыз" туралы тіс жармадым.

 

Таң ата түндегі уақиғаны еске алып "елес бейненің" үй-ішіне зияны тимесін деп, құранның қасиетті сүрелерін оқып үйдің ішін нұрға бөлеуге тырыстым. Содан бері «елестің» көрінуі тиылған сияқты болған еді.

 

Бірде жұмыстан үйге келе киімдерімді ауыстыруға өз бөлмеме кірдім. Осы кезде балалар бөлмесінде ойнап жүрген баламның дауысын естідім. "Е, бәсе, қызым келген екен, бірақ мен келгенде алдымнан жүгіріп шығатын әдеті болушы еді ғой» деп, балалар бөлмесіне кірдім. «Қызым» бөлмеге кірген мені жақтырмай қалғанын байқадым. «Қызым-ау, менен бұрын келіпсің ғой. Анаң қайда?» деп едім, ол үн қатқан жоқ. Қайтадан өз бөлмеме барып жұмыс киімдерімді ауыстырып, балалар бөлмесіне кіріп едім, қызым жоқ. Ол осы екі арада қайда кетті, мүмкін менімен жасырынбақ ойнау үшін жасырынған шығар деп оны іздеумен әбден діңкеледім. Көңіліме күдік те ұялады. Осы кезде даладан үйге қызым мен жұбайым кіргені. Мен бұған таңғалып: «Қызым-ау, анаңды қарсы алуға далаға шыққансың ба? Сені іздеп шаршадым ғой»,- деймін. «Қарсы алғаны несі? Қызыңның бала бақшадан келген беті осы»,- деген әйеліме не айтарымды білмедім. Манадан бері қызым деп іздеп жүргенім «елес қыз» болғаны ма деп денем түршігіп кетті. «Түсің бұзылып кетті ғой»,- деп жатты жұбайым...

 

Қазір үйде жалғыз қалсам үй ішінен жас баланың үнін естіп қаламын. Бірақ, оған үрейлене қоймаймын. Өйткені, Тәңірге жасайтын құлшылығым - менің қорғанышым емес пе, - деген еді Еркін досым.

 

 

 

Ерсін Ерғалиев

Еl24.kz

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста