Тылсым құдіреттің күшімен дертінен айыққан орыс қызының оқиғасы - Әлмерек атамын деді

Тылсым құдіреттің күшімен дертінен айыққан орыс қызының оқиғасы - Әлмерек атамын деді

Анорексияға ұшырап, тылсым құдіреттің күшімен аяғынан тік тұра алған алматылық Ольга Лысенко Sputnik Қазақстан тілшісіне басынан өткен жағдайды баяндап берді.

Тұрса басы айналып, ішкенінің бәрін құсып, іші де тоқтамай, жарты жылдың ішінде 12 келі тастаған Ольга әбден шарасыз күйге түскенде, ерекше түс көргенін айтады. Орыс қыздың түсіне енген қария өзін Әлмерек бабамын деп таныстырыпты. Осы түстің арқасында Оля тамыршы, мануальды терапевт Сәуле Муралиеваға жолығып, дертіне ем тапқан.
Ал оған дейін бір жарым жыл бойы дәрігерлер қарауында болған Оляға ешқайсысы дұрыс диагноз да, дұрыс ем де тағайындай алмаған. Салдарынан қыздың денсаулығы күн санап нашарлап, ақырында құр сүйегі қалған ол есік алдындағы дүкеннің өзіне бара алмайтын халге жетіпті.

Бәрі қалай басталды?

"2016 жылы менде диарея болды. Бәрі осы іш өтуден басталды. Алғаш рет дәрігерге қаралғанда, олар бауырда өзгерістер бар деп соған сай ем белгіледі. Бірақ ол еш көмектескен жоқ. Оған артынан жүрек айну, құсу, асқазандағы қыжыл, бас айналу сынды белгілер қосылды.

Мен тек арпа ботқасын, сорпа ғана іше алатын болдым. Онда да татып қана аламын. Сөйтіп жарты жылда 12 келі тастадым. Өз салмағым 54 келі еді, ақыры 42 келі боп қалдым", - дейді ол.

Күн санап солған қыз өздігінен есік алдына шыға алмайтын болған. Дәрігерлер де өз қарауындағы Оляның жағдайына алаңдап, 2017 жылдың наурыз айынан бастап желтоқсанға дейін бүкіл ағзасын тексеруден өткізеді. Барлық сараптаманы қолға алады, тіпті обыр дертіне күдіктеніп, оны да тексерген. Әр сараптама нәтижесі әр кез қойылған диагнозды жоққа шығарып отырған.

"Олар біресе диарея деді, біресе "нервіден" деді. Бірақ дәрігер қойған диагноздардың ешқайсысы анализ сараптамасы нәтижесімен нақтыланбады. Ине салды, антибиотик берді, депрессияға қарсы дәрілер де берді, бірақ ешқайсысы маған көмектескен жоқ", - дейді Ольга.

Әлмерек баба аян берген

Осылайша әбден тығырыққа тірелген орыс қызы 2018 жылдың ортасында ерекше түс көреді. Оған Әлмерек бабаның өзі аян беріпті.

"Менің түсіме бір ата кірді. Әлмерек атамын деді. Қасиетті бұлақ көзі бар, соған бар деді маған. Ап-анық айтты. Әрі үлкен кісі екен. Содан интернетті шарлап, іздеп көрдім. Сөйтсем, ол қала сыртында Покровка елді мекенінде орналасқан екен. Ал мен Алғабаста тұрамын. Ол кезде көлікпен де жүре алмайтын едім. Содан бара алмадым", - дейді алматылық қыз.

Бірақ интернеттен Әлмерек бабаның батасын алған Сәуле деген массажист туралы мақаланы көзі шалады. Хабарласса, ол кісі өз үйінен 200 метр жерде тұрады екен. Содан түсім бекер емес, бұл кісінің мәліметін де кездейсоқ кездестірмеген шығармын деген ой Оляны мануальды терапевтке алып келеді. Оля бұл кісінің қарауында 11 ай емделіп жатқанын, қазір денсаулығы жақсарып, тіпті үш келі қосқанын да айтады.

"Сәуле апай маған бірден анорексия, қан айналымының нашарлауы деген екі диагноз қойды. Сөйтіп сол бойынша ем тағайындады. Ол кісінің емі – массаж. Онда да ол жәй уқалау емес, нерв нүктелерімен жұмыс істейді. Ұйықтап қалатын, бітеліп қалатын нерв нүктелері болады екен. Ол кісі соны тамырды ұстау арқылы анықтап, массажбен жояды", - дейді ол.

Орыс қызының қазіргі жағдайы

Бірінші күнгі емнен соң, көлікке отыра алатын болған, яғни жүрегі айнығанын қойыпты. Екі аптадан соң құсуы күрт тыйылған. Екі айдан соң күнде қабылдайтын қан қысымына арналған дәріні тастаған. Осы кезде үлкен дәреті де жақсарған. Асқазанға арналған дәріні де қабылдауды қойыпты. Соңғы кездері қыз күш-қайратының қалпына келе бастағанын аңғарған. Содан салмағын өлшеп қараса, үш келі қосқанын көріп, қатты қуанады.

"Мен дәрісіз тамақ іше алмайтынмын. Кез келген уақытта қан қысымым көтерілетін. Дәрісіз жүре алмайтын едім. Айына тек дәрінің өзіне 60-100 мың теңге жұмсап қоятынмын. Оның өзінде олар көмектеспейтін еді. Осы тозақтан құтылғаныма Құдайыма мың шүкір айтамын. Атаның басына да барып, тәу етіп қайттым өткенде. Қазақта әулие кісілер көп екен ғой, бұл туралы мен бірінші рет біліп отырмын", - дейді Алматы тұрғыны.

 Sputnik

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста