Түсті қалай жорыған дұрыс? - этнограф, ғалым жауабы

Түсті қалай жорыған дұрыс? - этнограф, ғалым жауабы

 Қазақтың түс жоруының өзі жатқан бір ғылым. Кез-келген түсті халық тегін санамаған, әр түс бір белгінің аяны деп пайымдаған. Түсті қалай, кімге жору керектігін этнограф-ғалым Болат Бопай Stan.kz тілшісіне айтып берді.

Түс - Алладан келген аян. Түстің қияли, шайтани, имани деген түрлері бар. Түс жору - үлкен ғылым. Екінің бірі, егіздің сыңары жори бермейді. Түсті жору мәтіні болады. Түсті көрушіден емес, жорушыдан деген сөз бекер айтылмаған.

Осы ретте мынадай әпсана бар. Баяғыда түс жорушы ақсақал болған екен. Жорыған түсі айнадай келеді екен. Көрші ауылда аяғы ауыр келіншек түс көріп, жорытуға ақсақалдың үйіне келсе, шал малын өріске айдап кеткен екен. Үйіндегі кемпірі шалының енді түстен кейін бір-ақ келетінін айтады. "Түсті түске дейін жориды, түстен кейін жорыған түс келмейді деуші еді. Менің де түс жоритыным бар. Көрген түсіңді маған айта ғой", деп кемпір келіншектен түсін сұрайды. Сонда келіншек түсінде екі омырауын екі бөлтірік жұлып жеп жатқанын айтады. Сонда кемпір "айналайын-ай, ол түсті қайдан көрдің екен. Енді сені қасқыр жеп кететін болды" деп жорыған екен. Содан түсін жорып болған соң келіншек ауылына жолға шығыпты.

Шал үйіне келген соң, кемпірі күндіз келген келіншектің түсін жорып бергенін айтса, "Сен түс жори алмайсың ғой. Түс көрушіден емес, жорушыдан. Түсті бет алды жоруға болмайды. Түс қыл көпірдің үстінде, ұстараның жүзінде, балықсыз көл сияқты тұрады. Оны кім қалай жорыса, солай келеді. Жаман түсті де жақсыға жориды. Келін қандай түс көріпті? Қалай жорыдың?" деп сұрапты. Кемпірі келіншектің көрген түсін айтып, сені қасқыр жеп кетеді деп жорыдым депті. Шал атына міне сала келіншектің жүрер жолымен шаба жөнелген екен. Барса жолда келіншекті қасқыр жеп жатыр екен.

Негізінде көк бөрідей екі егіз ұл туады екен деп жорыса аман қалады екен. Түсті дұрыс жорымаған соң екі балаға, келіншектің өміріне зиян келді.

Түсті көрген адам өте құпия ұстап, өзінің ең жақын шешесіне, не әкесіне айтуы керек. Жорушысына жорыту керек. Мысалы, Ер Жәнібек батыр әбден қартайған шағында түс көріпті. Түсінде үлкен арыстан айбаттанып келіп, Жәнібектің алдына қарай өтіп кетіпті. Ол кеткен соң Алтайдың үлкен бір қара аюы келген екен. Жылқыдай аю екен деп қарғып мініп алып едім, жерге шөгіп жатып қалды дейді. Тісін ашып көріп едім қартайған аю екен артқа қарай шегіп кетті дейді. Енді кішкене тұрып еді көк бөлтірік келді. Етегімнен исікелеп, еркелеп, жүрді. Тістеп алатынға ұқсаған соң, тісінен бір шертсе, қасқыр ғайып болыпты.

Көрген түсін жорушысын шақырып, жорытса: "Арыстан айбатың, батырлығың еді. Алдыға кеткені ұрпақтарын мәңгі сені аңыз етіп ұмытпайды екен. Қартайған аюдың шөгіп қалғаны, қайратыңының қайтқаны екен. Түсіңде бір келіспеген жер бар екен, көк бөрі ұрпағың еді, тұмсығынан бекер шертіпсің, сенен кейін жекпе-жекке шығатын батыр тумайды" деп жорыпты. Осы түсі анық келді.

Ал Құран аяттарының, пайғамбардың, басқа да ұлы тұлғалардың, періштелердің кіруі имани түс деп айтылады.

Адамдардың түс көру себептері әртүрлі болады. Адам ұйықтағанда жүйкесінің шаршағанынан түс көруі мүмкін, біреуі баяғыда ойда жоқ, ұмыт болған жайттарды көруі мүмкін. Оның барлығы адамның түпсанасында қалып қалған дүниелердің жаңғырығы болады. Жаңғырық түстер дейді. Жаны мен тәнінің рухани қорытындысы ғой. Сондықтан қандай түс болса да, тек жақсылыққа, мәтін тауып жору керек. Көңілге қонымды етіп жору керек. Түске сену керек. Жақсы түс көрсе, ақ нәрседен садақа береді. Жаман түс көрсе, қара нәрседен садақа береді. Мысал үшін, қара түсті киім-кешек, немесе ақ жейде болуы мүмкін.

Кейде қорқынышты түс көреді. Ол кезде бидай сынды дәннен кептерлерге, құстарға садақа ретінде басынан жеті рет айналдырып, шашып жіберіп, түсті көшіреді.

Түс ұрлау деген бар. Көрген түсін айтып отырған адамнан түсін ұрлап алады. Керемет, ғажап түс көріп, айтып отырғанда "мынаның түсін маған бер" деп қарсы жағында отырған адам ішінен тілеп отырып алып кетеді дейді. Көрген түс өзіңнің жазған шығармаң сияқты. Сондықтан көпшілік алдында жария салып айтудың керегі шамалы.

Түсті кез-келген адамға айта беруге болмайды. Өйткені түс - сенің жан сарайыңдағы құпия, екінші басқа әлемнен келген сигналдар. Түсіңде жалаңаш адамды көрсе, абыройың өседі деп жориды. Жылан көрсе, жылан бейнесінде келген періште аян беріп жүрген болар деп жатады. Көрген жылан шағып алмаса, соңынан қуып жүрмесе, зиянын тигізбесе, жақсылыққа тап боласың дейді. Ал егер шағып алса, дұшпандарың саған қастық жасайды, сақ бол, садақа бер деп жориды.

Түсінде атқа мініп, асқар тауда жүрсе, арманыңа жетпей қоймайсың. Ағын су көрсең, ырзығың тасып, тіршілігің кеңіп, өмірің ұзарады деп айтқан. Түсінде қорқып жүрсе, күнәлі істерден аулақ жүретініңді білдереді.

stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста