Семей маңында пайда болған құбыжық

Семей маңында пайда болған құбыжық

Он сегіз мың ғаламның жұмбағы әлі толық ашылған жоқ. Адамзат құпиясын таппаған, байыбына бара алмаған дүние көп. Кейде жұмыр жер бетінде адам айтса сенгісіз оқиғалар болып жатады. Бірақ соның құпиясына ғалымдар жабыла үңілгенімен, ештеңе таба алмайды, көкейдегі сауалдар жауапсыз қалады. Соның бірі – жер бетіндегі анамольды нүктелер.

Ол неден пайда болады? Бұған әзірге жауап жоқ. Әлемнің өзге қиырын сөз ет­пес бұрын, өз еліміздегі сондай анамольды нүкте жөнінде айта кеткен жөн. Мәселен, өткен ғасырдың 90-жылдарының соңына қарай Семей полигонын ғарыш серігі арқылы түсірілген суретте сыры жұмбақ белгілер табылған. Ғалымдар таңғалғанын жасыра алмаса керек. Өйткені суретте полигон астында белгісіз аса ірі жәндіктің қозғалып жүргені байқалған. Бұл не? Көктен түсірілген жүздеген суреттерді салыстыра отырып, ғалымдар қозғалыстағы белгісіз дүниенің алып айдаһарға келетінін аңғарды. Ғалымдарды қызықтырғаны – ұзындығы бірнеше шақырымға кететін алып жәндіктің біресе оңға, біресе солға жиі қозғалып тұруы. Бірақ әлемде ондай ірі айдаһардың болуы мүмкін бе?

Әрине, жоқ. Демек, бұл айдаһарға ұқсағанымен, өзге дүние болуы мүмкін деген шешімге келген. Сонда ол не? Ақыры ұзақ зерттеудің нәтижесінде ғалымдар Семей полигонының астында анамольды кеңістік барын анықтады. Бір таңғаларлық жайт, қыстыгүні әлгі маңды қар баспайды екен. Тіпті жапалақтап жауған қардың өзі белгілі нүктеге жеткен соң, еріп кетіп отырған. Ол жердегі топырақтың жылуы қыстыгүндері өзге жақта қатты аяз болып тұрғанның өзінде, кем дегенде 10-5 градус жылылықты сақтайды екен. Ал жаз айларында анамольды өңірде көп өзгешелік біліне бермейтін көрінеді. Әрине, ғалымдар алғашында бұл ядролық сынақтардың, радиацияның әсері болуы мүмкін дескен. Бірақ зерттеу барысында анамольды өңір сынақ болған жерден кем дегенде 10-15 шақырым алыс орналасқаны анықталған. Жалпы, тосын құбылыс байқалған аймақтың ауқымы – 20 шаршы шақырымды алып жатыр. Аймақтағы тосын жайт 1997 жылы белгілі болғанымен, әлі оның жұмбақ сыры шешілмеуде. Дегенмен Қазақстан және Ресей ғалымдары полигон астында болған анамольды кеңістікті, «Сынақ алаңының астында ядролық жарылыстардың әсерінен бір­неше жарқыншақтар пайда болған. Бұл өз кезегінде жердің төменгі қыртысындағы жылуды сыртқа шығаруда. Қыста қардың еріп кету салдары содан» деген шешімге келуде. Алайда бұл соңғы қортынды емес. Әлі де ол анамольды өңірді кеңірек, тереңірек зерттеу қажет деседі ғалымдар. Дегенмен Ресей уфологтары бұл «жат ғаламшарлықтардың ісі болуы мүмкін» дегенді айтады. Өйткені мұндай анамольды кеңістіктер тек бұрынғы Семей полигонының маңынан ғана табылып отырған жоқ, Байқоңыр ғарыш айлағы және Сарышаған полигондарынан да байқалған. Тіпті бұл маңдар сыры беймәлім белгісіз ұшатын табақшалардың (НЛО) жиі торуылдайтын мекеніне айналып үлгерген деседі ресейлік уфологтар.

Жалпы, мұндай анамольды өңірлер әлемде жеткілікті. Бір қызығы, солардың бәрі ядролық сынақ жасайтын полигондардың маңына орналасқан. Бәлкім, бұл өзге ғаламшарда өмір сүріп жатқан жат-жұрттықтардың бақылау зертханалары ма екен? Кім білсін? Бәрі де мүмкін. Өйткені ондай аймақтар бар екені жалпылама айтылғанымен, ондай өңірлерде болып жатқан оқыс оқиғалар, тосын жайттарды құзырлы орындар қатаң құпия ұстауда. Неге? Ол жағы белгісіз. Демек, ол жерде белгілі бір сыр жатуы анық.

Сондай бір құпиясы шешілмеген анамольды маңға Бермуд үштағаны жатады. Бұл талайдың басын жұтқан жойыт мекен, 1945 жылы белгілі болған. Содан бері он мыңдаған адамды, жүздеген ұшақтар пен кемелердің жоқ болып кетуіне себепкер болған. Алайда ол жерден ешқандай өліктің не болмаса із-түзсіз кеткен кемелердің қирандысы табылмайды. Сонда олар қайда? Бұл да – әлем ғалымдарының әлі күнге бас қатырып, таба алмай отырған жұмбағы.

Рас, ғарыштан түсірілген суреттерге қарағанда Бермуд үштағанының астында Мысыр және америкалық үндістердің (соның ішінде ацтек, кещуа, майя тайпалары) тұрғызған пирамидаларына ұқсаған пирамида табылған. Бұл не? Су асты өркениеті бүршік жарған мекен бе? Әлде басқа ма? Бұл да – шешуі табылмаған көп сауалдың бірі.

Семей полигонының астынан табылған анамольды кеңістікке ұқсас анамольды өңір АҚШ-тың атақты ядролық сынақтар жасайтын Невада полигоны маңынан да табылған. Жалпы, оның көлемі 35-40 шақырымды алып жатқан көрінеді. Бұл сынақ алаңында АҚШ-тың аса құпия зертханалары орналасқан. Түрлі деңгейдегі ядролық қарулар сынайтын да осы жер. Ол жердегі анамольды өңірдің де құпиясы әлі ашылған жоқ. Неден пайда болды? Белгісіз. Тек көптеген ғалымдар жер бетіндегі адамзатқа қарағанда, әлдеқайда озық саналы жат ғаламшар иелері әлгіндей қатерлі ядролық сынақтар өтетін жерлерді бақылауына алған деседі. Мүмкін. Аса бір құпиясы мол жер мәңгілік мұз басып жатқан Антарктида да бар. Қалыңдығы 3-4 мың метр мұз басқан ірі «Шығыс» деген көл жатыр. Оның маңында көптеген мемлекетттердің зерттеу стансалары орналасқан. Бірде АҚШ-тың ғарыш серігі мұз басқан көлдің астында аса қуатты магниттік өріс барын тіркеген. Содан кейін-ақ америкалықтар ол жерде зерттеу жұмыстарын жасап жатқан мамандарды кері қайтарып, әскерилердің бақылауына алған. Демек, ғарыштан түсірілген суреттерде жалпақ жұртқа жария етуге болмайтын бір құпияның жатқаны анық. Әйтпесе ол маң неге әскерилердің, соның ішінде АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі жеке қарауына алады. Мұдай жайтты сол жерде жұмыс жасап жатқан Ресей ғалымдары да байқаған. Олардың дәлелдеуі бойынша бетін 3-4 мың метрлік мұз басып жатқан көлдің астыңғы қабаты 10-18 градусқа дейін жылы көрінеді. Бұл не жұмбақ? Тіпті тереңде ауа бар, өсімдіктер өсуі де мүмкін дейді ресей ғалымдары. Дегенмен көпшілік ол жерде Үшінші рейх салған адам саны екі миллион болатын жерасты қаласы бар деседі. Ол қаланың аты «Жаңа Берлин» деп те атайды. 1945 жылы КСРО-дан жеңіліс тапқан Гитлер отбасы, достары және көптеген ғалым-инженерлерді ертіп, алдын ала даярлап қойған Антарктидадағы үңгірге жасырынған дегенді алға тартады. Жалпы, бұл жайында аңыз көп. Мәселе аңызда емес, мәңгілік тоң-мұз басқан көлдің астында магниттік өріс қайдан пайда болды? Үстіне ит байласа тұрмайтын суық көлдің түбі неге 18 градусқа дейін жылы? Бұл да ғалымдардың басын қатырып отырған жұмбақтардың бірі деуге болады.

Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ

alashainasy.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста