"Қыз әулиеге" барған қыздардың бағы жанатыны рас па?

Шымкенттен Таразға қарай шыға берiстен Сайрам ауданының аумағы басталады. Ал Сайрам ауданының сансыз бабтардың жатқан жерi екенiн елдiң бәрi бiлетiн болар. Мiне, сол Сайрам ауданының аумағына кiре берiс жерде «Қыз әулие» деп аталатын киелi жер бар. Үлкен жолдың бойынан бiршама қашықта, «Стандарт» цемент зауытының маңында орналасқан бұл жерге Астана мен Алматыдан, тiптi Ташкент жақтан келiп, зиярат ететiндер бар екен.

Қыз-келiншек көп барады

Аңыз-деректерге сүйенсек, ертеректе Әмiрхан есiмдi ел тұтқасын ұстаған әрi аса бай кiсi өмiр сүрiптi. Сол кiсiнiң Шешушi деген баласынан Дiлдәрбек есiмдi немересi болыпты. Мiне, осы Дiлдәрбек бабаның Нұрзада, Сұлушаш, Қарашаш, Сандуғаш есiмдi қыздары болған екен. Жаугершiлiк орын алып, жоңғарлар қазақтарға қырғидай тиiп жатқан тұста әлгi қыздар шыдай алмай, соғысқа араласып, дәл осы жерде қаза тауыпты. Олар жас кездерiнде өнерлi, iсмер боп өскен екен. Сондықтан шығар, әулиеге зиярат етiп келушiлердiң кейбiрiнiң ойламаған жерден ән айтатын, өлең жазатын, ою ойып, тiгiс тiгетiн қасиетi ашылады дейдi.
Зиярат етуге көбiне-көп бағы ашылмай жүрген қыз-келiншектер, өнердегi, қызметтегi жолдарын аштырғысы келетiн азаматтар келедi екен. Кешегi бейсенбiде бiз де «Қыз әулиеге» арнайы барып, оның шырақшысы Ұлтуар Мешбаева апамен тiлдесiп қайттық.

«Үштүкiрер апа» атанған екен

Ұлтуар апа дәл осы әулиеге шырақшылық етудi Алланың өзi бұйырды дейдi. Жасы 72-ге келген апаның жас кезiнде 9 жыл құрсақ көтермей, бармаған жерi, баспаған тауы қалмаған екен. Әулие-әмбиелердi 44-004аралап, Алладан бiр перзент беруiн тiлеген Ұлтуар апа бүгiнде 5 баланың анасы, немере-шөберелерiнiң әжесi атанып отыр.
«Кеңес үкiметiнiң кезiнде Алланы ауызға алуға тыйым салынған едi, – дейдi Ұлтуар апа. – Бәрiне тек медицина жәрдем бередi деп ойлайтынбыз ғой. Ауру да, оның емi де Алладан екенiн қайдан бiлейiк, жиi ауыратынмын, еш жерден ем қонбай, дел-сал күйде жүретiнмiн. Әулие-әмбиелердi аралап келсем жаным рахаттанып, өзгеше бiр күй кешетiнмiн. Менiң мұнымды көрген ауылдың адамдары «Жынды қатын» атап, ешкiм менiмен араласпайтын. Сөйтiп жүргенде аталарым аян берiп, әруақ жолын ұстануыма тура келдi. «Үштүкiрер апа» атандым, үйде көз тиген балаларды үш рет түкiрiп емдейтiнмiн.
Сол уақыттарда «Қыз әулиенiң» шетi шыға бастаған едi. Бiр күнi ауылдасым Қатира деген апа түс көрiп, оған аталары менiң «Қыз әулиеге» шырақшы болатынымды айтыпты. Шырақшы болу ойымда да жоқ, «Шырақшы болмаймын», – деп әлгi апаны қайтарып жiбергенмiн. Күндердiң-күнiнде өлуге шақ қалдым. Денем тас болып қатып қалды, тек көзiм мен аузым ғана қимылдайды. Әрең дегенде тiлiмдi кәлимаға келтiрiп: «Иә, Алла, айтқаныңмен жүремiн», – дедiм. Бiрақ сонда да мойынсұнбай жүре берiп едiм, бiр күнi буын-буыным ұстамай, сылқ түсiп жатып қалдым. Сол кезде барып шын жалбарынып кешiрiм сұрап, шырақшылық жолына түстiм».

Асанәлi Әшiмовке пайдасы тиiптi

20151126 104621 Ұлтуар апа шырақшылықты бастаған тұста қазiргi «Қыз әулиенiң» орны жазық дала болған екен. Шырақшылық ететiн дайын баспана да болмаған. Сол сәтте Панис есiмдi бiр бала келiп, шатырдан үй тiгiп беруге жәрдемдесiптi. Кейiннен жердi қазып, жертөле салып берген. Мiне, сол жертөледе Ұлтуар апа 5 жыл өмiр сүрiптi. Ал соңғы 13 жылдан берi әулиеге келушiлердiң жәрдемiмен тұрғызылған 3 бөлмелi шағын үйдi паналауда.
Өзi шағын болса да үйге кiрiп, шай iшушiлер, зиярат етуге келген адамдар өте көп. Адам қарасы үзiлмейдi екен. Бiз барған уақытта үй iшiнде екi-үш еркек пен үш қыз жүрген. Түс ауа бастағанда адамдардың қатары көбейе түстi.
«Шырағым, бұл жерге ата-анасының тiлiн алмай, терiс жолға түсiп кеткен, аяғын шалыс басқан жастар өте көп келедi, – дедi шырақшы апа. – Мен көрiпкел емеспiн, пал да ашпаймын. Мен тек аналық ақылымды айтамын, өмiрден көргенiмдi, көңiлге түйгенiмдi жастарға үйретемiн. Қазiргi заманның жастары ата-анасын сыйлап, үлкендердi ренжiтпей жүрсе, қыздарымыз оң босағада отырып абыройынан айырылмай, өз теңiн тапса, бала көтермей жүрген қазақтың келiндерi ұлды-қызды болып, ұрпақ өрбiтсе, оған «Қыз әулиенiң», менiң титтей де болса көмегiм тисе деймiн. Сол үшiн үй-жайымнан, бала-шағамнан жырақта, әулиенiң басында өмiр сүрiп жатырмын. Бұл да Алланың менiң маңдайыма жазған тағдыры шығар.
Әулиенiң басында қасиеттi құдық бар. Сол құдықтың түбiнде алма ағашы өседi. Жыл сайын үйiп-төгiп жемiс бередi. Оны ары-берi өткендердiң бәрi жұлып алып жейтiн. Осыдан 9 жыл бұрын осы алма ағашына қатысты таңғажайып оқиға болды. Әлгi ағаштың барлық алмасы пiсiп, таусылып қалған кезде ешкiмнiң көзiне көрiнбей екi-ақ алма қалды. Ойпырмай, бұл алма кiмге бұйырып тұр екен деп iштей ойланып жүргенiмде әулиеге қасына туған-туысын, әйелiн ерткен Асанәлi Әшiмов келдi. Қасына ерiп келген әйелдерден жағдайын сұрап едiм, перзент сүйе алмай, әулие аралап жүргенiн бiлдiм. Сол сәтте не болғанын бiлмеймiн: «Әйелi анау талдың басындағы екi алманы алып жесiн. Құдай қаласа, жерiк болады!» – деп айқайлап жiбердiм. Қасындағы жүргендер дереу ағаш басына шығып, әлгi алманы алып, Асанәлiнiң әйелiне ұсынды. Бұл да бiр Алланың кереметi шығар, тұп-тура бiр жыл өткенде Асанәлiнiң әйелi шекесi торсықтай ұл туып, оның сүндет тойына бiздi қонаққа шақырған. Нәсiп болмай, бара алмадым».

Қыздарға той көйлегiн кигiзедi

Ұлтуар апа әңгiмесiн айтып жатқан кезде үйге Дәмира есiмдi қыз (аты-жөнi өзгертiлдi) кiрiп келдi. Бұл қыздың жасы –32-де екен. Сайрам ауданына қарасты ауылдардың бiрiнде тұратын көрiнедi.48-005 Өзi қалағандай қызмет пен үй-жайы болғанымен, тұрмысқа шығуға келгенде еш жолы болмай қойыпты.
«Осыдан бiраз уақыт бұрын таныстарымнан «Қыз әулиеге» барған қыздардың тiлегi орындалып, ертерек тұрмысқа шығатынын естiгенмiн. Содан берi бiрнеше мәрте келiп жүрмiн. Келген сайын дәмдi-тәттiлерiмдi пiсiрiп әкелемiн, әулиенiң басында зиярат етiп, Алладан керегiмдi сұраймын. Маған керегi – ертерек тұрмысқа шығу. Бала босанып, ана бақытына бөленсем деймiн. Кезiнде үйленуге ұсыныс жасаған жiгiттер болды, бiрақ таңдап жүре берiппiн», – дейдi Дәмира.
Осы сәтте шырақшы апа Дәмираға қабырғада iлулi тұрған той көйлектерiнiң бiрiн киюдi ұсынды. Дәмира да бiрнеше мәрте келiп үйренiп қалған ба, артық сұрақ қоймастан аппақ той көйлегiн қиiп алды. Ал шырақшы апа қыздың иығына ақ жаулық салып, басына сәукеле кигiздi. Сөйттi де Дәмираға құран кiтаптар, тәспi, қамшы секiлдi заттар тұрған үстелдi үш рет айналып шығуды бұйырды. Ал өзi алақанын жайып, Алладан Дәмираның жолының ашылуын тiлеп, дұға еттi.
Мұндай рәсiмдi Сарыағаш ауданына қарасты Абай ауылынан келген Гүлсара да қайталады. Оның да жасы 32-де, «Қыз әулиеге» осымен үшiншi рет келiп отыр екен. Гүлсара тұрмысқа шығардан бұрын денсаулығының түзелiп кетуiн тiлеп келiптi.
«Менi бұл жерге жеңгем ертiп келген, – дейдi Гүлсара. – Ол кездерi менiң денсаулығым нашар болатын. Болмашы нәрсеге ашуланып, өз-өзiмдi ұстай алмай қалатынмын. «Қыз әулиеге» келгелi берi жақсымын. Алдымен Алланың, сосын осы киелi жердiң қасиетiнiң арқасында өзiмдi жақсы сезiнiп жүрмiн.
Бұл жерге мен секiлдi жасы отыздан асып кеткен, тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздар өте көп келедi. Өздерiмен бiрге азық-түлiк немесе үйiнен ас дайындап әкеледi. Көбiне жолымдағы түйiндер шешiлсiн деп түшпара түйiп әкеледi, несiбем күрiштiң дәнiндей көп болсын деп палау пiсiредi. Жетi күннен берi осы жерде түнеп жүрмiн. Сауап жинайын деп келген-кеткендердiң ас-суын дайындаймын, шырақшы апаға жәрдемдесемiн. Әрi осы жерде жүрген Сұлтанғали есiмдi кiсiге оқытыламын».

«Оқып», «жын шығаратын» адам отыр

20151126 115820Сұлтанғали дегенi орта жастағы кiсi екен. Соңғы 15 жылдан берi тұрақты түрде «Қыз әулиеге» келiп, бiраз уақыт аялдауды әдетке айналдырыпты. Оған бұл киелi орын туралы өзiнiң ұстазы, Халық емшiлерi қауымдастығының вице-президентi болған марқұм Ермек Мырзагелдиев айтқан көрiнедi.
«Жас күнiмiзде бiз де Алланың барын бiлмей, талай мәрте қателiк жасадық қой. Кейiннен ұстазым Ермек ағамен танысып, сол кiсiнiң ұйытқы болуымен әулие-әмбиелердi аралап, үш күн iшiнде құран жаттадым, бiр жетiде намазға жығылдым. «Қыз әулиеге» келсем, жаным рахаттанады. Беймәлiм, бiрақ өте жағымды күй кешемiн. Сондықтан мүмкiндiк тауып, жылына бiр-екi рет келiп кетемiн. Шырақшы апаға барынша көмек берiп, ауыр тiрлiктерiн iстеп беремiн. Әрi iшiне жын кiрген, психологиялық ауытқуы бар адамдарды емдеймiн», – дейдi Сұлтанғали Дүйсенбаев.

Мешiттi бiтiруге көмек керек

Қасиеттi жерге соңғы бiр-екi жылдан берi келушiлердiң қатары күрт көбейiптi. Қыс түсiп, қар жауғанға дейiн зиярат ететiндердiң саны азаймайды екен. Шырақшы Ұлтуар апа «Қыз әулиенiң» айналасын реттестiрiп, қолынан келгенше келiп-кетушiлерге дұрыс жағдай жасаудың қамында. Әулиелi жерден еңселi мешiт ашсам деген арманы болған екен, соны жүзеге асыруға Бақтияр есiмдi ұлы көмектесiп жүрген көрiнедi. Қазiр «Қыз әулиенiң» қасынан қабырғасы күйген кiрпiштен қаланған еңселi мешiт соғылған. Ендi соның шатырын жауып, iшi-сыртын әктеп-сырлау үшiн тағы бiраз қаражат қажет болып тұр екен. Шырақшы апа қайырымды жандардан көмек сұрауда. Алла разылығы үшiн қол ұшын созамын деушiлер 8-701-300-87-44 телефоны арқылы Бақтиярға хабарласса болады.
...Әулие аралап, зиярат етудi бiреу қолдар, бiреу қолдамас. Дегенмен құран оқылатын, Алла разылығы үшiн мал сойылып, мiнәжат етiлетiн жерге барудың еш айыбы жоқ деген ойдамыз. Кiм бiледi, мүмкiн өмiрде
 zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста