Тозақтан қорқудың қажеті жоқ

Тозақтан қорқудың қажеті жоқ

Мұсылмандық ілімде тозақ – күнәһарлар мен дінсіздердің о дүниеде жазаланатын орны. Құран Кәрімде күнәһарлар мен дінсіздердің тозақ отында жанатыны айтылады. Оларға тамақ орынына жаһаннам түбінде өсетін заққұм ағашы, сусын ретінде қайнап тұрған су берілетін көрінеді.
Бұл дүниеде жасаған күнәсіне қарай тозақ жазасы да әртүрлі болатын көрінеді. Тозақ бірнеше қабаттан тұрады екен. Тозақтың әр қабатында пендеге күнәсіне орай жаза беріледі деседі.
Десе де, тозақтан қорқуға болмайды. Егер сіз күнә жасамай, Алла әмір еткен амалдарды орындап жүрсеңіз тозақ отына түспейсіз.
Тозақ туралы
Бірде Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) өңі қуарып Жәбірәйіл (ғ.с.) келеді. Расулуллаһ (с.ғ.с.) оған: «Ей, Жәбірәйіл (ғ.с.)! Өңің солғын ғой?» дейді. Сонда Жәбірәйіл (ғ.с.): «Уа, Мұхаммед (с.ғ.с.)! Аллаһ тағаланың уәде еткен қиямет күні хақ. Тозақ оты, қабір азабы хақ, Аллаһ тағаланың азабы зор деп білген жанның осыларға иланбай тұрып, шаттанып-қуануы – әбестік» деді.
Жәһаннам қандай болады?
Расулуллаһ (с.ғ.с.): «Уа, Жәбірәйіл (ғ.с.)! Маған жәһаннамды сипаттап берші» деді. Жәбірәйіл (ғ.с.): «Айтайын, расында, Аллаһ тағала жәһаннамды жаратқан кезде ол қашан қызарғанға дейін мың жыл, одан ағарғанға дейін мың жыл, қарайғанға дейін тағы мың жыл жақты. Соңында жәһаннам отының жалыны мен шоғы өшпестей зұлмат қараңғы түнекке айналды.
Сені пайғамбар (с.ғ.с.) етіп жіберген Хақ тағаламен ант етем! Егер жәһаннам иненің саңылауындай ашылса, оның ыстығынан бүкіл дүниедегі тіршілік иесі күйіп кетер еді.
Сені пайғамбар (с.ғ.с.) етіп жіберген Хақ тағаламен ант етем! Егер тозақтықтардың киімінен бір киім аспан мен жер арасында ілінер болса, оның ыстығы мен сасық исін сезінген жер бетіндегі барлық жан иесі өлім құшар еді.
Сені пайғамбар (с.ғ.с.) етіп жіберген Хақ тағаламен ант етем! Аллаһ тағала Құран кәрімде айтқан тозақ шынжырынан бір кезін Лазаб тауының үстіне қояр болса, тауды тесіп, жеті қабат жерден өтер еді.
Сені пайғамбар (с.ғ.с.) етіп жіберген Хақ тағаламен ант етем! Егер тозақтың батысы тарапында бір адам азапқа тартылса, сол азаптың ұшқыны шығыстағы біреуге де жетер еді.
Тозақ отының ыстығы қатты, шұңқыры терең, торы темірден, сусыны қайнаған су мен қанды ірің, киімі оттан жасалған. Тозақтың жеті есігі бар. Әр есігі еркегі мен әйелі аралас әр түрлі топтарға арналған» деді.
Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Оның есіктері біздің мына есіктер сияқты ма?» деп сұрады.
Жәбірәйіл (ғ.с.): «Жоқ, бірақ оның есіктері әрқашан ашық. Бірінен бірі төмен орналасқан. Бір есіктен келесі есікке дейін жетпіс жылдық жол және әр есік өзіне жақын орналасқан есіктен жетпіс есе ыстық» деді.
Тозақта адамдар қалай азапталады?
Жәбірәйіл (ғ.с.) Аллаһ тағаланың дұшпандары тозаққа қарай айдалатынын айтты. «Олар тозақ есігіне жақындағанда алдарынан Зәбания (тозақтағы азап періштелері) кісен-шынжырмен қарсы алады. Азапталушының аузынан кірген шынжыр, артынан шығады. Сол қолы мойнына қайырылып, оң қолы кеуде тұсынан кіргізіліп, жауырынының ортасынан шығарылып кісенделеді. Әрбір пенде шайтанға жақын етіп байланады. Жүзімен сүйреледі. Періштелер оны темірден жасалған күрзімен ұрады. Олар ол жерден қанша тырбанып қашса да, қайтадан орнына әкелінеді» деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста