Бұл оқиға Үндістанның Раджастан штатында орын алды. Жергілікті 72-жастағы тұрғын Дипак Сингх, сиырларына жем-шөп беру кезінде есінен танып құлаған. Қарттың денесін қарап шыққан жергілікті дәрігер оның көз жұмғанын мәлім еткен.
Туыстары «қайтыс болған» адамды жерлеу рәсіміне дайындай бастады. Денесін жуған соң, кейін тиіс болған ағаш пен матадан жасалған, арнайы өртелетін құрылғыға салған. Туған-туыстары жерлеу рәсімінде жылап-сықтай бастағанда қарт адам әуелі қимылдап, сосын орнынан тұрып кеткен.
«Тірілген» адамның немересі Банду Налваның сөзіне сілтеме жасаған Daily Mail-дің хабарлауынша, қария туыстары қатты жылағанда есін жиған. Әйел атасының қимылдағанын көріп қалады, алғашқыда елес болар деген де ойға келген. Алайда қарт көзін ашып, сосын орнынан тұрған.
ҚазАқпарат