Өзге планеталықтармен байланысқандар
Жерден басқа ғарыш денелерінде де өмір болуы мүмкін екендігі, оның ішінде саналы тіршіліктің болуы туралы ғалымдар ерте заманда-ақ жаза бастаған. Ал Жюль- Верн, Герберт Уеллс сияқты фантас жазушылар бұл тақырыпты шытырман оқиғаларға негізделген романдарына арқау етті. Дегенмен, ерте кезде өзге планеталықтар туралы пікір ғылыми гипотеза немесе қиялгер жазушылардың фантастикалық шығармасы негізінде ғана болса, соңғы уақытта өзге планетадан келген келімсектерді көзімен көрген, тіпті олардың ғарыш кемелерінде болып, сөйлескен куәгерлер қатары көбейіп кетті.
Шахматты өзге планеталықтар ойлап тапқан ба?
Өткен ғасырдың 90-шы жылдарында Ресей құрамындағы Қалмақ автономиялық республикасының президенті болған мультимиллионер Кирсан Илюмжинов орталық телевидениеге берген сұхбатында өзін өзге планеталықтардың ұрлағаны туралы айтып берді. Жәй адам айтса ойдан шығарды деуге болар еді, дегенмен әлемге аты танылған саясаткер және кәсіпкердің орталық телевидениеге сұхбат беріп, осы жайында жан-жақты әңгімелеуі оның астарында шындық жатқанын көрсетсе керек.
Кирсан Илюмжиновтың айтуынша, оқиға 1997 жылы оның Мәскеудегі пәтерінде болған. Түн ортасында үйіне басып кірген жалтыраған комбинезон сияқты скафандр киген келімсектер оны төсегінен сүйреп тұрғызып, әуеде қалқып тұрған ғарыш кемелеріне әкеледі. Содан кейін өң мен түстің арасындағыдай таңғажайыптар басталады.
Ғарыш кемесі бас айналдырар шапшаңдықпен зымырап белгісіз планеталарға жеткізеді. Келімсектер оны жерге түсіріп, өз планеталарын көрсетеді. Осылайша қысқа уақыт ішінде ол бірнеше планетада болады. Олар адамдарша ауыздарынан дыбыс шығарып сөйлеспейді екен. Бірден ойлары миға жетіп, түсіндіріледі. Сол кезде әлемдік шахмат федерациясының президенті болып жүрген кәсіпкерге жат планеталықтар шахматты біз ойлап тапқанбыз, адамдарға оны біз үйреттік дегенді айтады.
Фермердің басынан кешкендері
Венесуелалық фермер Антонио Вилас-Боастың басынанк ешкендері тіпті, ақылға сыйымсыз. 1957 жылдың қазан айы екен. Өз жерінде маусымдық жұмысты бітіріп тастайын деп түні бойы жұмыс істеген фермер таңға жақын күтпеген жайға тап болады. Алдымен айнала жап-жарық болып кетеді. Бұл не болды деп жоғары қараған фермер төбесінде ұшқыш табақша формалы әуе кемесінің қалқып тұрғанын көреді.
Әуе кемесінен түскен скафандр киген үш келімсек әй-шәйға қаратпай фермерді кемелеріне әкетеді. Оны жалтыраған темір бөлмеге кіргізіп, тәжірибе жасай бастайды. Ұзынша төекке жатқызған соң фермер қозғала алмай еркі мен күшінен айрылып қалады. Сол сәт бөлмеге төгілген сарғыш шашты гуманоид әйел кіреді. Өзіне қадала қараған әйел ерік-жігерін алып, қыбыр еткізбейді. Бұдан әрі оқиға түс көргендей бұлыңғыр есінде қалады. Фермердің айтуынша, ол әйелмен төсекте шағылысқан. Келімсектер осылайша, жер адамы мен гумаоидты шағылыстырып, жаңа ұрпақ алғысы келген тәрізді.
Жат планеталықтан бала тапқан әйел
Оңтүстік африкалық Элизабет Кларердің басынан кешкені тіпті, ақылға симайды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында ол әскери әуе күшінде қызмет етіп, тіпті әскери барлау саласында құпия қызметтер атқарған. Оның өмірі де сол кезде басқа замандастары сияқты біркелкі өтіп жатқан.
1956 жылы күзде Элизабеттің өмір жолы кенет өзгеріп, басқа бағытқа ауысады. Әйелдің айтуынша, оны жат планеталық келімсектер ұрлап әкетеді. Жат планеталықтар Альфа Центавр жүйесіне кіретін планетадан екен. Әуе кемесіне отырғызып, келімсектер оны өздері тұратын планетаға алып барады.
Ғарыштағы саяхат күндерінде ол жат планеталық келімсекке ғашық болып қалады. Оның есімі Акон екен. «Ғашықтық тілі тілсіз тіл» дегенедй, екеуі бірін-бірі айтпай түсінеді. Содан ол жат планеталықпен төсек жақындығына да барады. Көп ұзамай жүкті болып, сәби дүниеге келеді. Дегенмен, сәбиін келімсектер бірден басқа жаққа алып кетеді. Метон деп аталатын әлгі планетада ұлы аранй мектепте оқып, білім алады.
Дегенмен де, өзге планетада біраз уақыт болып қайтқан келіншектің айтқанына жұрттың бәрі бірден сене қоймайды. Тіпті, оны ақылынан ауысқан деп санайтындар да табылады. Элизабет олардың көзін жеткізуге тырыспайды. Ол өмірінің соңына дейін алыстағы планетадағы ғашығы мен ұлын есіне алумен өтеді.