Отағасы құрсағында тоғыз ай көтерген баласын дүниеге әкелді (фото)

Сырт көзге сондай жарасымды көрінетін жұптың арасында таң қаларлық жайттар көп. Бұрын әйел болған Фернандо есімді ер адам, бұрын еркек болған Диана есімді әйелден бала тапқан. Бұл туралы NUR.KZ порталы lamp.im сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында жарасымдылығымен көзге түскен жұптың отбасында сәби дүниеге келді. Бір қарағанда бұл оқиғада тұрған ешқандай ерекшелік жоқ сияқты.

Алайда, төмендегі көрсетілген суретке мұқият зер салып қарасаңыз жағдайдың өзіңіз ойлағандай еместігіне көзіңіз жетеді. Бұнда жаңа босанған ананың орнында оның жолдасы жатыр да, ал өмірге келген баласы мен жарын көруге келген отағасының орнында әйел отыр.
Өз көзіңізге өзіңіз сенбей отырған болсаңыз, бұл сурет шынайы түсірілгенін айтамыз. Нәрестені расында да үйдің отағасы Фернандо дүниеге алып келді. Ал баланың әкесі үйдің отанасы - Диана...

Фернандо мен Диананың отбасылық өмірі былыққа толы. Бұл айтылғандарды естіп, "есімнен алжасқан шығармын" деп ойлауыңыз да мүмкін. Бірақ асығыс шешім қабылдауға асықпаңыз.

Шынтуайтына келгенде өзін еркекпін деп санайтын Фернандо өмірде қыз болып туылған. Қазіргі отбасының отағасының бұрынғы есімі Мария еді. Ол балалық шағынан бастап транссексуалдық белгілерімен ата-анасын қатты уайымға салады. Медициналық зерттеулер ата-анасының қорқынышын растаған.

Мария өз денесіне өзі сыймай, қыз болып келгеніне көндіге алмаған. Ол есейе келе жынысын ауыстыруды ойластырып, есімін Фернандо деп өзгертеді.

Фернандо транссексуалдарға арналған жиындардың бірінде өзінің өмірлік махаббаты, Диананы жолықтырады. Олардың өмірге деген көзқарастарының ұқсастықтарынан бөлек, басынан өткізген оқиғалары да бірдей. Диана өмірге Луис есімді ұл бала болып келген.

Өз өмірлерінің сәйкестігіне таң қалған екі жас осылайша табысып, көңіл жарастырады. Абырой болғанда бұл жұп жыныс ауыстыру бойынша отаны жасатпаған. Олар дүниеге табиғи жолмен балаларын әкеліп алмайынша, жыныс ауыстыру процесін кідіре тұруды жөн тапқан.

Бәлкім, бала тәрбиесі кезінде екі жас бұл жоспарларынан айнып қалар? Ендігі қызық алда. Дүние есігін енді ашқан балалары әкесі мен анасын ажырата алмай, дал болуы мүмкін.

Несі керек, қазіргі заманның адамдары ештеңеге таң қалмайтын болған.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста