Өлімнен кейінгі өмірді теріске шығару – есуастық

Өлімнен кейінгі өмірді теріске шығару – есуастық

Біз мына жалған дүниеде 50, 60, немесе 80 жыл өмір сүреміз бе, түптің түбінде ажал келіп, өмір бойы жиған-тергенімізден де, отбасымыздан, туған-туыстарымыздан да айрып, суық қабірге жападан жалғыз жатқызады. Ажалдың осындай қасиетінен болар, адамдардың бәрі одан қатты қорқады және өлім деген уақытша мына тіршілікке қарағанда мәңгі суық, қараңғы, адамның ақыл-санасын, тәнін де жоқ қылатын қорқынышты дүние сияқты көрінеді.

Шындығында ажал жоқ

Біз үшін сонша қорқынышты, құбыжық сияқты көрінетін ажал деген шын мәнінде жоқ. Мәселен, сіз кешкісін ұйқыға жаттыңыз, қатты ұйқыда жатқанда өзіңізді өзіңіз есіңізден шығарасыз, ал таңертең тұрған соң өмір қайта басталады. Ажал да дәл сол сияқты, яғни адамның ұйқыдағы кезі мен ояу шағындағы ахуалына ұқсайды.

Адамдардың көбі өкінішке орай, ажал туралы ешқандай нақты түсінігі болмағандықтан, оны қорқынышты құбыжық көреді және ол туралы ешқандай ақпараты, білімі жоқ. Дәстүрлі діндерді ұстанатындар өлімнен кейінгі өмірге сенеміз дегендерімен, шын мәнінде ол туралы ешқандай нақты білімі болмағандықтан, бес күнгі мына ғұмырды бақи дүниеден артық санап, соның қызығын көбірек ойлап жатады.

Ал атейстер болса, өлім деген мәңгі ұйқы дегенді саналарына сіңіріп, мына уақытша жалған дүниеде ойыңа келгенді жасап, қызық көріп қалу керек деген түсінікпен өмір сүреді. Бұндай түсінік олар үшін жеңіл, өйткені жасаған жақсы-жаман әрекеттері үшін ешқандай жауапкершілік арқаламайды және қиналып бара жатса, өлім атты қараңғы мәңгі түнекке сүңгіп кете салады. Сонымен бәрі бітеді.

Бірақ бұл екі түсініктің екеуі де ажал туралы толымды білімнің жоқтығын көрсетеді. Ажалдың жоқтығын немен дәлелдеуге болады? Ең алдымен, адамның қол, аяқ, бас сияқты материалдық дене мүшелерінен, одан басқа ақыл-ой, арман, сағыныш, сүйіспеншілік сияқты материалдық емес, адамның жеке менін құрайтын интелектуалдық бейнесінен көрінеді.

Бұны компьютер мен оның бағдарламасымен салыстыруға болады. Компьютердің бағдарламасы компьютерсіз де өмір сүре береді. Компьютер процессоры сынып қалса, бұл компьютер өлді дегенді білдірмейді. Жаңа процессор алып, оған программаны орнатсаңыз, қайта жұмыс жасай бастайды.

Адам материалдық тән мен материалдық емес интелектуалдық бейнеден тұрады. Бұл екеуінің табиғаты бір-біріне қарама-қайшы, бірақ соған қарамастан, бірге өмір сүреді. Материалдық компьютер процессоры мен материалдық емес программа сияқты. Материалдық тән өлген кезде материалдық емес, адамның жеке менін құрайтын интелектуалдық бейнесі өлмейді, одан әрі тірлігін жалғастыра береді. Өкінішке орай, бұл 2х2=4 деген сияқты бұлтартпайтын АҚИҚАТ. Бұны сіз мойындайсыз ба, жоқ па, сенесіз бе, сенбейсіз бе – оған қарамастан бұл ақиқат бар және ол өмір сүріп жатыр.

Адамдар өлімнен неге қорқады?

Егер ажал деген жоқ болса, адамның интелектуалдық бейнесі мәңгі өмір сүретін болса, онда адамдар неге өлімнен қорқады? Бұның ең басты себебі – білімсіздік. Адам өзі білмейтін нәрсенің бәрін қорқыныш туғызатын құбыжық көреді. Дәстүрлі дінді ұстанушылар күнам көбірек болып кетіп, тозаққа түсемін бе деп қорықса, атейстер жарық дүниені тастап, мәңгі өшіп жоғаламын ба деп шошынады.

Енді мынаған назар аударыңыз: дәстүрлі діндердің ешқайссында ажалдан кейінгі адамның ахуалы туралы нақты білім түріндегі ақпараттар берілмейді. Ол дінді ұстанушылардың түсінігі өлген соң қабірдегі өмір басталады, Нәңкүр, Мәңкүр деген екі періште келіп, сұрау алады, күнаң көп болса, ұрып-соғып азаптайды, сосын қияметте соттап, күнакар болсаң мәңгі тозаққа, күнаң аз болса мәңгі жұмаққа енгізеді деген сияқты өзге түгілі өздері де онша сене қоймайтын жайларға негізделген.

Имам, молдалардың бақи дүниені естен шығарып, бес күнгі мына дүниенің қызығын көбірек ойлайтындарының ең басты және негізгі себебі де осы өлімнен кейінгі өмір туралы нақты білімдерінің жоқтығында. Ал материалистік ғылымның түсінігі барша жұртқа белгілі: олар материалдық тән өлген соң адамның санасы да мәңгіге жоғалады деген пайымды ұстанады.

Білім – бұл жарық нұр сияқты. Ал білімсіздік – қараңғы түнек іспетті. Жарықта айналаңның бәрі алақанға салғандай көрініп тұрады, қайда, қалай баратыныңды ешкімнен сұрамай-ақ оңай тауып аласың. Ал қараңғы түнекте оңың қайсы, солың қайсы ажыратудан қаласың, аяқ аттап басуың мұң болады, қабырғаға соғып, шекеңді ісіруің немесе шұқырға құлап, мертігіп қалуың оп-оңай. Сондықтан қараңғылық барша адамның қорқынышын туғызады. Білімсіздіктің қараңғы түнегінде жүргендер үшін де ажал деген қорқынышты, құбыжық болып көрінуі дәл осыдан.

akikat01.com

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста