Моланың топырағы...

  • 39
Моланың топырағы...

Моланың топырағын алып, біреудің үйіне апарудың мәні не??? Білсеңдер айтыңдаршы!

 

Осыдан 19 жыл бұрын болған уақиға еді. Өткенде де айтқам постымда. Баланың басы жарылды, қыздың беті қисайды, менің қолым сынды, сол уақытта баламды ит талады. Сонда үйге келген апай;- мен келгелі не боп кетті,- деп жылаған.

 

Көрші апайым да,- сендерге не боп кетті,- деп, халық емшісі болған Кулиша деген апайға алып барды. Беретін ақшамызда жоқ. Көршім өзі төлеп апарды. Тәуіп мені қарамады. Үйіңде өлген адамның топырағы бар. Мен үйінде топырағы бар адамды қарамаймын, олар өлген адамдар,- деді. Үйге келіп солай десем тәуіптің айтқанын, үйдегі апайым;- Мен әкеліп едім, алып кетейін өзіммен,- деді. Бірақ көрсетпеді. Менде көрейін демедім. Дуаның күші тым қатты еді ол кезде.

 

Кеше іздеп жүріп бір экстрасенске бардым. Оған басқа шаруамен барғам. Бірақ, бұрынғы үйім туралы айтып кетті. Ол үйдің табалдырығына моланың топырағы төгілген,- деді.

 

Тағы бірде бұрынғы қайынсіңлім келіп;- Мен Меркеде мықты азербайжан әйел бар, карта аштырдым сіздерге,- деді.( Сыртымнан оқытқандарыңды қоймадыңдарғой, деп жақтырмасамда, тыңдадым. ) Ол;

 

-Ол үйде өлім шығуы керек еді, бірақ, жеңгеңде өте мықты қасиет бар екен. Соның арқасында они живы,- деп айтты деп отыр.

 

Енді миым жетпей отыр.

 

2000кмден моланың топырағын әкеліп, үйіме шашудағы мақсат не болды?

 

-Сендерге жақсы болсын дедім,- деді ол апай.

 

Моланың топырағын әкелудің жақсы жақтары да барма? Кім біледі?

 

Ол үйде 18 жыл паралель әлемнің мақұлықтарымен бірге өмір сүрдік. Тыныштық, үйде де, өмірімізде де болмады.

 

Тағы бірде, ол апайымыз содан 1 жыл бұрын, яғни қазіргі уақыттан 20 жыл бұрын, асқабақтың, мақтаның, қауын-қарбыздың тұқымын әкелді. Огородыңа ек,- деді. Мен;- су жоқ, оның үстіне мақта, қауын-қарбыз өспейді бізде,- дедім. Алып кетіңіз. Олар ауылда өседі,- дедім.

 

Ол маған  ашуланып, үйді айналдырып егіп шықты. Үндемедім. Үлкен кісі. Бірақ, біз үшін еккен болса огород тұрғой, еккен соң, оған су құю керек емеспе?, деп ойлап қойдым.

 

Молдаға бір жарым жыл оқытылғаннан кейін, енді ес жиып жатырмын.

 

Енді, әлгі моланың топырағын, маған жақсы болсын деп әкеліп босағама төгеді. Соған тым миым жетпей отыр. Әлде, мен білмейтін жақсылығы барма оның ?

 

Мен ешкімнен ештеңе сұрамаған адам едім. Ақша табу мен үшін оңай еді. Үй дегенді бір апталық жұмысыма алған едім. Күніге 100 доллар табатын едім.( 2000 жылдың басында). Осы тігінімнен. Адал табатынмын. Энергия мол еді. Шаршауды білмейтінмін.

 

Қазір тіліммен, осы әлеуметтік желі ғана бар. Қалғаны жоқ. Олар Менің өмірімді басқарамын деп, білгенін жасап, өз жөндеріне кетті.

 

Ойланып отырсам, дуамен, моланың топырағымен іштегі энергиямды түбінен қиып түсіпті.

 

Кім не ұтты???

 

Мақсаты не болды???

 

Үйіме моланың топырағын әкелгеніне, еш миым жетпей тұр әлі де. Сонда оның санасы қай дәрежеде еді??? Қандай мақсат болды??? Не ойлады???

 

 

 

Салима Жаматдиновна

Фейсбуктегі парақшасынан

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 226
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
  • 273
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Лучшие легальные букмекеры
1xbet
Бонус до 200 000 тенге
Winline
Бесплатная ставка до 20 000 тенге
Tennisi
Бесплатные 5 000 тенге
Fonbet
Бонус до 200 000 тенге
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста