Марста неміс солдатының каскасы қайдан жүр?

Марста неміс солдатының каскасы қайдан жүр?

Таяуда Марстан Жерге жіберілген суреттердің бірінен неміс солдатының Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде киген каскасына ұқсас зат аңғарылған көрінеді. 

Марс беті Curiosity құрылғысының көмегімен суретке түсірілген екен. Алайда осы уақытқа дейін тіршілік жоқ деп келген ғаламшарда неміс солдатының каскасы қайдан жүр? Жоқ әлде немістер өзгелерден бұрын ғарышты игерген бе?
Осы сұраққа жауап іздеп интернетті ақтардық. Ізденісіміз текке кетпеді. Көп кешікпей қызықты деректерге тап болдық. Сол бір деректерді оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.
Адамдар табақшаға ұқсас ұшатын беймәлім нысандарды алғаш өткен ғасырдың ортасынан байқай бастаған көрінеді. Ең алғашқы беймәлім нысандар кешкі уақытта жарық нүкте тәрізді болып көрінген деседі. Бертін келе беймәлім ұшқыш табақшаны космосқа ұшқан ғарышкерлер көрген. КСРО-ның екі мәрте батыры Владимир Кoваленок Салют станциясында жұмыс істеп жүрген кезінде иллюминатордан орбитаны айналып ұшқан белгісіз нысанды байқағанын айтқан екен. Бір уақыттары құпия сақталып келген құбылыс жайлы 90-жылдары ашық айтылып, жазыла бастады. Ұшатын беймәлім нысанды Жердегі қарапайым адамдар да фотоға түсіріп, бейнекамераға жазып алып көпшілік назарына ұсынды.
Бір кездері ұшатын беймәлім нысандар КСРО Әуе күштері радарына да іліккен екен. Құрылғы көрсеткендей, беймәлім нысанның жылдамдығы сағатына 20 630 шақырым болған.
Тарихи деректерге қарасақ, немістер ұшатын беймәлім нысанмен өзгелерден ерте танысқан екен. Неміс армиясы 1940 жылы жерден тыс өркениет иелерінің кораблін атып түсірген. Сөйтіп, құлаған ұшатын табақшаның қыр-сырын меңгерген соң, өздері де соған қарап дәл сондай табақша құрастыра бастаған көрінеді.


(Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Герман Вермахтының жасаған Ұшатын тәрелке тәріздес ұшағы)

Базбір бейресми деректерге қарағанда, соғыста Германия жеңіліс тапқанда Вермахтының ұшатын табақша тәрізді ұшақ жасаған зауыты АҚШ әскерлерінің қолына түскен. Америкалықтар құжатты АҚШ-қа алып кетіп, одан табақша тәрізді ұшақ жасауды одан әрі дамытқан. Кей ғалымдар АҚШ-тың ғарыш саласында тез өркендеп, ілгерілеп кетуін осы бір жаймен байланыстырады. Сондықтан болар «беймәлім ұшатын табақшалар АҚШ-тың тірлігі» деушілер де бар.
Интернеттен тапқан тағы бір қызық деректен білгеніміз бір кездері Жерге
ұзындығы 19, биіктігі 8 метр, ал салмағы 50 мың келі болатын күміс түстес ұшатын табақша құлаған. Оның ішінде бойы 1 жарым метр шамасындағы екі өзге планеталықтар болған. Зерттеушілер олардың ішкі құрылысы адамға мүлде ұқсамайтынын анықтаған. Сондай-ақ олардың қанының түсі жасыл болған деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста