Көне күмбез құпиясы

Көне күмбез құпиясы

Аңыз айтады…

Кең даланың төсін қуырып жатқан кұммен суыртпақтап соққан жел жеткізген ұлы аңыз бар. Ол бозарып атқан таң мен көкжиегіне батқан күннің келбетін, дүниеге келген сәбидің шырылын, түн қатып жол жүрген жас батырдың жорығын, қас сұлудың күлкісін, желмаяның жүрісін кең далаға қыл қобыздың үнімен жеткізіпті. Мына дүниенің өткіншілігін шер ғып тартқан қылқобыз үнінен тірлік иесі түгелдей сілтідей тынып, қара жер тітіркеніпті, ажал да айбарынан айныпты деседі. Сол ажал құдіретті қобыз үнін жақыннан естімек болып жолға шыққан қырық қыздың бірі ақсақ қыз кейпінде қобыз үні естілген жаққа қарай жол тартыпты. Ажалдан қашқан Қорқыт мініп жер жаннатын іздейді. Тау асып, тастан өткен Қария жолында небір өзен-су кешіп, жаны жай таппай, Сыр бойына жетеді. Ақырындап жылжып Қорқыт отырған жерге жақындаған ажал-ақсақ қыз қобыз үнін ести сала, қыз бейнесін тастап жыланға айналса керек. Кенеттен үзілген қобыз үнінен құдірет иесін бір көре алмайтынын сезген ақсақ қыз да сол жерде көз жұмады.
Деректер бойынша, кезінде Қорқыт Атаның денесі Сыр бойының жағалауында, оның оң жақ беткейінде жерленген екен. Сол кездегі жұрттың хабарсыздығы болар, кейін бұл зиратты қайта жерлеу қажеттілігі туындайтын ойламаған. Өйткені физикада Кориолис күші деген заңдылық бар. Бұл заң бойынша жер шарының солтүстік бөлігіндегі өзендер оң жақ беткейінің, оңтүстік бөлігіндегі өзендер сол жақ беткейінің арнасын шайып отырады. Осы заңдылық негізінде Сырдың Қорқыт Ата жатқан жері кеміріліп, қобызшының қабіріне жақындаған, сөйтіп қайта жерлеу рәсімі 1968 жылы қолға алынған болатын. Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Қорқыт ата қабірінің басына кесене орнатылсын деген қаулысы шығады. Бұл міндет мүсінші Бек Ыбыраевқа жүктеледі.

Сәулетші айтады…

Қасиетті адамдар бұл дүниеден өткенде, олардың шарқ ұрған шыбын жаны ешқашан оны тастап кетпейді екен. Қарапайым адамның санасы жете бермейтін басқа бір болмысқа айналып, о дүние мен бұ дүниенің арасындағы байланыстарды бойынан өткізетін таңғажайып сипатқа ие болады. Бұл туралы әлемде жинақталған мәліметтер бар, оны білу-сезу жай пендеге міндетті емес, бірақ сескену керек. Қасиетті аруақтардың бірі Қорқыт атаның кесенесін жобалауға үлкен толғаныспен, рухани дайындықпен кірістім десем, артық айтпаспын. Оның қалдырған мұрасына тереңдеп, қобыз күйлерінен жүрек толғанысы мен шерін түсінуге тырыстым. Ақырында ескерткіш тек қана музыка аспабы үлгісіндей болуы тиіс деп ойладым. Құлағымнан кетпейтін қобыз үнін жеткізгім келіп талай мамандармен ақылдастым, оның да сәті түсті.
Жетпісінші жылдардың соңы, коммунистердің айдарынан жел есіп, халықтың да Ұлттық санадан алшықтап, өз болмысына жатырқай қараған кездері еді ғой. Кесенені салу кезінде де жергілікті қызыл комиссарлардың түртпектеуінен талай түсінбеушіліктер туындады. Олардың қаупі де орынды, халықтың тағзым етіп күш алатын, жоғарыда айтылған космостық қуаты бар орынның айналасында күмәнді алып-қашпа сөз туындатып, қарапайым халықты дүдәмал халге жеткізу оларға үлкен пайда. Бұл көп жылдар көлеміңде сынақтан өткен үйреншікті тәсілдер екенін кейін түсініп жатырмыз. Жұмыстың барысында, осындай қиыншылықтардан шаршап, қолымды бір сілтеп, бәрін тастап, жүк поезына отырып үйге қашып келген кезім де болды. Сонда шешем:
–     Жұмысынды бітірмесең неге келдің, еркек басыңмен. Мұңыңды шағынуға келдіңбе?-дегенде ұялып, қайта оралғанмын. Сөйтіп, ескерткіш орнатылатын Байқоныр мен Қармақшы аудандарының ортасында кесене салу жұмыстарын бастап та кеттік. Қарап отырсақ, құрылысқа кіріскен топты бір қырсық қатты айналдырған сияқты. Шығармашылық тобымыздың арасында ши жүгірткен органдардың әрекеті, ерекше тылсым күштің көлеңкесінде айдалада қалды. Құрастырушы, салушы, темірші, тас қашаушы сияқты әр түрлі мамандардан тұратын үлкен ұжымның кейбір мүшесінің отбасында қайғылы оқиғалар бола бастайды. Сап-сау жүрген жүргізуші бір күнде жынданып кетеді. Екі қалада бір күнде, бір сағатта екі бірдей азаматтың әйел-баласының тосынан қазаға ұшырағаны туралы суық хабар мүлдем есеңгіретіп жібереді. Әрине, әлдеқашан о дүниелік болып кеткен адамдардың түсін түстеп, мазасын алу ойымызда жоқ, сол себепті мезгілсіз қазаларға көп тоқтамай, себебін білуге тырысайық.
Содан архитектор Бек бастаған бірсыпыра азамат ел арасында аты шығып жүрген жеті жасар көріпкел қызды тауып алып, жолығып, себебін білмек болады. Жас бала: «бір апаны көріп тұрмын» деген сөзден басқа мандытып ештеңе айтпайды. Жергілікті ақсақалдардың кеңесімен, мүсіншілер Қорқыт қабірінен қашықтау жерде жатқан Ақсақ қыздың жартылай бұзылған моласын тауып алады. Аңғарған адам бұл қабірдің табиғи құбылыстың салдарынан емес, әдейілеп техникамен бұзылғанын біле қояр еді.Осыдан кейін қабірді түзетіп, бастапқыда жобада ескерілмеген болса да, Ақсақ қызға арнап белгі қоюға шешім жасайды. Бір қызығы, осы сәттен бастап елдің үрейін алған оқиғалар сап тиылады. Тек қана Ақсақ қыз мазары жасалып біткенде ұста мен оның әйелінің бет-аузы қисайып кеткен екен. Тегі, мазарының төбесін түзу салмай, қисық қалаған ұстаға көрсеткен Ақсақ қыздың ашуы шығар, кім білсін… Бұл күнде соққан желмен бірге күңіреніп күй шертетін Қорқыт қобызы өткен-кеткен жолаушылар мен халықтың зиярат ететін қасиетті жеріне айналған. Көрмеген-білмеген ел даурықпа сөзге құмар, бірақ бар қасиетін ішіне бүккен ескерткіштің бізге белгілі тұстары осы еді.

Сәулетші айтады…

Осыған ұқсас оқиға 1993 жылы Мемлекеттік тарихи мәдени жөне әдеби-мемориалды Жидейбай-Бөрілі мұражай-қорығында, Абай-Шәкәрім мемориалды кешенін салу кезінде қайталанды. Тағы да үлкен жұмыс екі заманның өзгеріп, жолайырыққа тірелген тұсына тап келді. Архитектураға қажетті сапалы құрылыс материалдары түгіл, дүкен сөрелерінде кәдімгі кір сабынның қат болған тұсы. Ескерткішке бөлінген мемлекет қаржысы күннен күнге құнсызданып, ескерткіштің бітер-бітпесіне күмәнді көзбен қарай бастағандардың қатары көбейе түскен. Тобымыздағы маман жігіттердің де мазасы кетіп жүргенін сезсем де үндемеймін. Осыған дейін Қорқыт Ата, Алтын Емелдегі Шоқан ескерткішін салғанда жинақтаған тәжірибем бар, аруақтардан бір белгі болатынына іштей сенемін. Бір күні ұйықтап кетсем түс көріппін. Өзіміз жұмыс істеп жатқан цех екен деймін. Айналадағы қара көлеңке біртіндеп сейіліп, Абайдың биік бейнесі көрінді, үнсіз жымиып, басын сәл изегендей болды. Көрген түсімді жақсылыққа жорып, жігіттерге сабыр беріп, жұмысымыз жақсы бітеді деп сендірген болдым. Абай-Шәкәрім кешенін жобалауда халқымыздың түсінігіне жақын әлемтануының космологиялық дәстүрлерін негізге алдым. Ұзындығы 200 метр, ені 65 метр, биіктігі 5 метр платформа ой бойынша Абай мен Шәкәрім екеуінің қабірлерін біріктіреді. Оның екі ортасының ара қашықтығы 140 метр. Бұл ұзындық қазақ аңыздарына сәйкес дүниенің үш деңгейін білдіретін үш қабатқа, ярусқа бөлінген. Кесенелер мұнара тектес, алайда, орналасуы мен мұнарасының бітімімен ерекшеленеді. Абай мұнарасының биіктігі 32,5 ал Шәкәрім мұнарасының биіктігі 31,5 метр. Қабырғасына тоқсан тоғыз қасиетті пайғамбардың аты ойылып жазылған. Кесенелердің едені мәрмәрдан мозайка техникасымен төселген.
Жалпы композицияны төрт бұрышты мұнара аяқтайды. Бұл қазақтардың Ұлы аруақтардың рухынан денсаулық, бірлік-табыс сұрау үшін тағзым ететін орны деп белгіленген. Құран оқып, түнеуге мұнара ішінде орын белгіленген. Әңгіме осы жөнінде болмақ. Қазекемнің әдеті ғой, үлкен істің бітуін ойламай, сынап-мінеп, шығармашылық адамның шамына тиіп, көсемсіп кететін. Осындай көреген кісілерден бұл ретте де арыла алмадық. Ақырында мұнараның не керегі бар еді деген сөзге де қалдық. Оқып зерттегеніміз бар, қазақтың қалыптасқан дәстүрі бар, ертең зиярат етіп келгендерді қайда орналасады, осыларды ескере отырып, бұл мешітімізді де алып қалдық. Жобаны қалған құрылысшыларға табыстап, өзім атқаратын шаруаларды реттеп, Алматыға оралғам. Жұмыстың шамамен бітеді-ау деген уақытында соқсам, мұнара бастапқы жоба бойынша дөңгелек емес төрт бұрышты болып қаланыпты. Адамның пендешілігіне не айтарсың, әріптесім өзінің қолтаңбасын осылай қалдырғанын жөн санаған болу керек. Мен не дейін, қайта тұрғызбасым анық: Болары болған екен, әділін аталардың өзі айтар дедім.
Көп уақыт өтпей, әлгі әріптесімнің басына бөрене құлап, бет-жүзін жаншып кетеді, тағы бір әріптесім ауруға шалдығады. Мұны біреудің шамына тиейін деп, не болмаса өткен оқиғаны қайталап еске алайын деген ойым жоқ. Қазақта қарапайым тіршілікте айтылатын аруақ ұрған деген ұғым бар. Оның ғылыми негіздерін дүние жүзінің мәдениеттанушылары жан-жақты зерттеп, оның әр түрлі дін ұстанушылар үрдісінде әрқалай сипатпен көрініс табатынын айқындап-та қойған. Ұлы Абайдың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген сөзінен артық ешкім айта қоймас.
…Аңыздан ақиқатқа айналған Қобыланды батырға Көктім-Аймақ хан «Ұлым менің, сенің төбеңде төрт шуда бұлт жүзіп барады. Саған бергенім сол. Жазда да қыста да олар сені жауыңнан қорғайды» деген екен. Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Жиренқопа жерінде батырға қойған кесененің үстіне батырдың бойтұмар-бұлты қайта оралғандай болды. Батырдың дулығасындай бейнеленген кесененің сәулетшісі – Бек Ибраев. Абызы мен Ақынына, Батырына кесене салып, Ерлігі мен Ерігі, Махаббаты мен Намысын ұлықтап, қазақы Мәнін айшықтап, Аңызын тірілткен сәулетшінің шығармашылғының нәзік тұстарының шымылдығын түріп, үңілуге тырысқан жайымыз деп ұғарсыздар, қалың оқырман.

qazaq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста