Көккөлде беймәлім хайуанат болуы мүмкін

Көккөлде беймәлім хайуанат болуы мүмкін

Әулиеата өңірінде тылсымға толы орындар жетерлік. Солардың бірі – Көккөл көлі. Мұнда әлі күнге дейін сырын ашпаған жұмбақ жағдайлар көп. Әсіресе одан шығатын уіл-үннің сырын технология қарыштап дамыған шақта да ешкім аша алмай отыр. Жуырда сталкерлер, яғни қауіпті де құпия орындарды зерттеумен айналысатын ресейлік мамандар Роман Фадеев пен Евгений Красновский Көккөлдің құпиясын ашпаққа әрекеттенді. Олар көлдің таңғажайыбына аузын ашып, көзін жұмып таңғалуда. Олар Көккөлді зерттей келе, мұнда суасты жыртқыш ихтиозаврлар өмір сүреді деген қорытындыға келіп отыр.
Ғалымдар Шотландиядағы Лох-Несс көліндегідей мұнда да ерте заманнан бері өмір сүріп келе жатқан жыртқыш жәндіктер болуы мүмкін деп есептейді. Көккөл Жамбыл облысындағы таулы аумақтағы Қарақыстақ алабында орналасқан. Ол еліміздегі жалпы заңдылықтан ауытқыған өзгешелігі көп өңірге жатады. Бұл суайдын ерекше аймақтар тізімінде тұр. Әсіресе түнгі уақытта мұнда түсініксіз гүрілдер – қорылға ұқсас, ыңырсығандай, сатыр-сұтыр дыбыстар шығады. Бірақ ол ненің дауысы екені әлі күнге дейін жұмбақ. Жергілікті тұрғындар мұнда ғылымға әлі күнге дейін белгісіз болып келген жұмбақ жаратылыс бар деп есептейді. Ресейлік зерттеушілер: «Өлкетанушы Печерскийдің еңбектерімен танысып шыққаннан кейін Көккөлді зерттеуді жөн көрдік. Көккөл өзені әлемдегі уфологтер мен сталкерлердің ерекше назарында тұр. Зерттеу басталғалы бері біз түрлі түсініксіз жайттарға таңғалумен келеміз. Мәселен, көлдің кейбір тұстарының мүлдем түпсіз екенін анықтадық. Яғни өзеннің түбінде үңгірлер жүйесі болуы мүмкін. Осы жерлерде ихтиозаврлардың қалдықтары өмір сүруі де бек мүмкін. Түнде шығатын дыбыстар ысқырыққа да ұқсайды, қорқынышты», – дейді. Ғалымдар Көккөл сырын аша ма, ашпай ма, ол жағы мәлім емес. Олар зерттеулерін әлі де жалғастыруда.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста