Кісікиікті көргендер бар ма?

Қар адамын біреулер «бар» десе, енді біреулер «бос сандырақ» дейді. Кейбір шетелдік білгірлер ол туралы фильмдер де түсірген. Қазақ оны кісікиік деп атайды. Сонда оның бар болғаны ғой...


Кісікиік туралы кезекті  ақпарат таяуда ғана тарады. Ресейлік ақпарат көздерінің мәліметінше, кісікиікті  іздеу мақсатындағы экспедиция тобы Ресейдің  Кузбасс ауданынан күрке тапқан. Олардың айтуынша, тек ағаштан жасалған күркенің үсті бұтақтармен жабылған. Экспедиция мүшелері бұл күрке кісікиікке лайықталып жасалған, мұнда қарапайым адам өмір сүре алмайды деген қорытындыға келді.


«Қар адамымен қайтсем де кездесемін» деген Валентин Болмочных туралы гу-гу әңгіме көп. «Қайтсем де қар адамын көремін» деген ол кейбір көлік жүргізушілер «кісікиікті көрдім» деген  Таулы Үлбі аймағын аралауды әдетіне айналдырыпты. Тіпті жүрген жерлеріне  қар адамына ұнайды-ау деген ниетпен халуа, арпа немесе ірімшік қойып кетеді екен.
“Сондағы байқағаным, қар адамын іздеушілердің сөмкелерінен көбінесе ірімшік сияқты тәттілер жоғалып кетеді екен. Сондықтан осы тағамдарды жақсы көреді деп топшыладым», – дейді Валентин.


Үлбіде тұратын кісікиік
Кісікиік туралы небір әңгімелер таулы-қыратты аймақ Шығыс Қазақстанда да кең тараған. Жасы елуге жақындаған өскемендік таксист Антон өзі куә болған оқиғаны баршаға жар салып айтудан ыңғайсызданады. Достары мазаққа айналдырған соң, ол басынан өткен оқиға туралы тіс жаруды қойған.


Бұл оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Таулы Үлбі тас жолымен түн ішінде келе жатқан Антон тауды айналып бұрылыстан шыға бергенде, тура жолдың ортасында жүрелеп отырған еңгезердей жанды көреді. Үсті-басы аппақ, маймыл іспетті жан көлік жарығын көре сала, жолдың шетіне қарай бір қарғып жоқ болған. Қатты сасқан көлік иесі өз көзіне өзі сенбей тоқтап, сол жерге қайта келген. Алайда қар үрлеген боранда таксист ештеңені байқай алмайды. Қалаға жеткен Антон ертеңінде ең жақын деген досын ертіп, әлгі жерге тағы барған. Алайда ізге ұқсар-ұқсамас таңбаны ғана байқаған олар басқа түк те таппайды...


Қар қызын көрген де арманда, көрмеген де арманда
Жергілікті жазушы, биолог Борис Щербаков кісікиік туралы мына бір жайды әңгімелеп берді. «Бұл оқиға ертеде болған. Виталий Хохлов атты жазушы-ғалым болған. Санкт-Петербургта оқыған ол туған қаласы Зайсанға жиі келіп тұрыпты. Студент кезінде сол қаладан Зайсанға келген ол бір ерекше оқиғадан құр қалғанын естиді. Сәуір тауының маңынан зайсандықтар адамға ұқсас тірі жанды ұстап алған екен. Жынысы – әйел. Қатты даурыққан ел не істерлерін білмей, әлгі мақұлықты байлап тастаған. Баз біреулер оны өлтіріп, қарақшы бейнесін жасап қояйық депті. Алайда кеңесе келе, олар беймәлім жанды босатып жіберген. Дәл осы оқиға Хохловтың «Қар адамы» кітабында баяндалған. Жазушы сол оқиғаның куәгері болуға сәл ғана кешігіп қалыпты» – деді Борис Щербаков.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста