Ескі ғимараттағы қорқынышты оқиға

Ескі ғимараттағы қорқынышты оқиға

Жас кезімде, жылда жазғы демалыста ата-анам мені ауылға, әжемнің үйіне апарып тастайтын. Соңғы жылда көрші үйдегі Дариямен де дос болып қалғанбыз. Мен барғанда ол қатты қуанып, балаларға «қаладан досым келді» деп мақтанады. Оған мен де марқайып қалатынмын.

 

Екеуміз таңнан кешке дейін қыдырамыз. Суға шомыламыз. Одан қалды ауыл балаларымен жасырынып ойнаймыз. 90-жылдардың басында ауылда бұзылған үйлер мен мекемелердің ғимараттары көп болатын. Көбіне сол ғимараттардың ішіне тығылатынбыз.

 

Бірде балалармен жасырынып ойнағанда, Дария екеуміз жартылай бұзылған екі қабатты ғимаратқа тығылмақ болдық. Өйткені оның ішіне балалардың біразы кіруге қорқатын. Яғни бізді таба алмайды. Таба алмаса, біз жеңеміз.

 

Алдымен біздің команда тығылатын болды. Біз Дария екеуміз бұзылған ғимаратты бетке алдық. Барсақ есігінде құлып тұр екен. Бірақ ескі құлып бұзылған, құлыптанбайтын болып шықты. Дария құлыпты ашты да екеуміз ішке кірдік.

 

Бірінші қабатта қоқыстан аяқ алып жүру қиын болды. Қоқыстарды шеттеп айналып өтіп екінші қабатқа көтерілетін баспалдаққа бардық. Баспалдақпен көтеріле бергенде ту сыртымыздан біреудің «ей, тоқтаңдар. Қайда барасыңдар?» деген дауысы есітілді. Күзетші шығар деп ойладық. Жан-жағымызға қарадық, бірақ ешкім көрінбеді.

 

Қайтадан баспалдақпен екінші қабатқа көтеріле бергенде «кетіп барасыңдар ма, тоқтаңдар» деген дауыс қайта шықты. Біреудің қарайған көлеңкесі көрінді. Жүрген аяқ дауысы есітілді. Біз жоғары қарай қаша жөнелдік.

 

Екінші қабатқа көтерілгенде баспалдақпен көтеріліп келе жатқан адамның көлеңкесі көрінді. Екеуміз қол ұстасып қашып келеміз. Беймәлім бейне соңымыздан қалмай еріп келеді. Бір тұсқа келгенде ашық тұрған есікке кіріп, есікті жауып алдық.

 

Абырой болғанда есікте іштен ілетін ілгек бар екен. Дария тез есіктің ілгегін ілді. Беймәлім адам біз кірген бөлменің тұсына келіп тоқтады. «Мен сендерге тиіспеймін. Еш жамандақ жасамаймын. Қорықпаңдар. Есікті ашыңдар» деген дауысты естігенде одан сайын зәреміз кетті. Біз демімізді ішке жұтып, дыбысымызды шығармай, үнсіз тұра бердік. Сәлден соң байтаныс адам есікті қаға бастады. Ол 5-6 минутқа жалғасты. Бір кезде «жарайды, бүгін сендердің жолдарың болды» деді де, кете барды.

 

Жүрген дыбыс алыстап кеткенге дейін біз демімізді ішке тартып, қозғалмай тұрдық. Әлден уақытта барып ес жиғанда, бөлменің төргі бұрышында отырған 7-8 жасар қызды байқадық. Тоңып отырған кісіше бүрісіп алыпты. Дария ақырын есіктің ілгегін ашты. Мен қыздан «тоңып қалған шығарсың, мында қайдан жүрсің?» деп сұрадым. Ол, салқын үнмен «мен суықты сезбеймін» деді. «Суықты сезбегені қалай, қашаннан бері солай болып жүр» деп сөзге тарттым. Ол «өлгелі бері» дегенде естен тана жаздадым.

 

Қыз сөзін жалғап, «қашыңдар, әйтпесе анау сендерді де өлтіреді» дегенде Дария шыңғырып жіберді. «Қаштық» деп айғайлады да мені бөлмеден дедектетіп сүйреп алып шықты.

 

Екеуміз сол қашқанан алды-артымызға қарамай, үйден бірақ шықтық. Бірге ойын ойнап жүрген балаларды да ұмытып кетіппіз. Әжемді көргенде жылап жібердім. Әжем байғұс «кім тиді?» деп асыты-үстіме түсіп жатыр. Мен өксігімді баса алар емеспін. Әлден уақытта барып өксігімді басып, болған жағдайды айтып бердім.

 

Әжемнің айтуынша, көктемде сол бұзылған ғимарат ішінде 7-8 жасар қызды белгісіз біреу өлтіріп кеткен екен. Содан кейін базбіреулер сол бұзылған ғимараттан жас баланың жылаған дауысын есітігендерін айтыпты. Кеш болса, ол маңға ешкім жақын бармайды екен. Әжем маған «ол жерге барма» деп ескертуді ұмытыпты. Қайран әжем, көпке дейін ескертпегеніне өзін кінәлі сезініп жүрді. Одан кейін бұзылған үйлерді маңайламайтын болған едік.


Кәмшат, Шығыс Қазақстан облысы
alashainasy.kz/

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста