Елес қыз

Елес қыз

Ол кезде мектептің жоғары сыныбында оқимын. Бірде үй-іші нағашымның үйіне қалаға қонаққа жиналды. Әкем кетерде «ал балам біз кешке дейін қайтып келерміз оған дейін үйге бас көз бол» деп жол жүріп кетті. Мен жалғыз қалдым. Кеш болды. Қас қарайды. Олар кешке қайтып келеміз деген соң есікті жаппай төсекке жатқанмын ұйықтап кетіппін. Бір кезде «Еркін тұр» деген дауыстан оянып кеттім. Қарасам үй іші қаракөлеңке. Алдымда әпкем тұр. «Е, олар келген ғой» деп ойладым.

- Не болып қалды?- деймін.

- Үйдің есігін, желдеткішін жап, үйдің жанында біреулер жүр, - деген соң барып есікті ілгекке ілдім. Желдеткіштер ашық тұр екен оларды жаптым. Содан бөлмеме келсем әпкем көрінбеді. Ұйықтауға кеткен ғой деп қайта төсекке жатып ұйықтап кеттім. Аз жаттым ба, көп жаттым ба білмеймін бір кезде «Ерсін тұр» деген әйел даусынан оянып кеттім. Тағы да алдымда әпкем тұр. Таң атып қалыпты. «Не болды?» деймін. «Сабақтан қаласың» деген соң тез тұрып жуынып шәйімді ішуге отыра беріп, жүрегім солқ ете түсті. Есіктің ілгегін үй жандарына кім ашты, оны мен ашпасам ешкім ашпайды ғой деп ойланып қалдым. Жүгіріп әкем мен анамның бөлмесіне бардым. Ешкім жоқ. Әпкем де бөлмесінде жоқ. Сонда олар түнде келмесе мені оятып жүрген әпкем бейнесіндегі қыз кім? Осылай айран-асыр болып тұрғанда үйдің жанына тоқтаған машинаның дауысы шықты. Жүгіріп далаға шықсам үй-іші жаңа ғана келіпті. Олар машинадан түсіп жатты. Әкем: «кешір балам біз бір себеппен қалып қалдық, бәрі тиыш па?» деді. «Иә» дедім күмілжіп. Түндегі болған уақиғаны бүгіп қалдым. Артынан менің көргенім «елес қыз» болғаны ғой деген ой түйдім. Бұл туралы үй-ішіне тіс жарған жоқпын.

Ерсін Ерғалиев

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста